Лекциятақырыптары Бұл курста әлеуметтанудың теориясы мен тарихының жалпы сұрақтары, әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі, арнайы әлеуметтанулық теориялар қарастырылған.
Бұл курс студенттердің әлеуметтанулық ойлай білулерін, әлеуметтанулық зерттеулердің пәні мен әдістері, әлеуметтанудың өзекті мәселелері және салалары туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Студенттерге әлеуметтанулық теориялардың негізгі концептілерін және қазіргі қоғамның түрлі сфераларын зерттеудің тиімді технологияларын ұсынады.
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтану ғылымы туралы: әлеуметтанулық теориялардың дамуы, әлеуметтанулық зерттеулердің әдістері және практикалық қолданылуы, негізгі салалық әлеуметтанулық теориялар және оларды қолдану туралы жүйеге келтірілген алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Курстың міндеті: - әлеуметтік процестерді зерттеу мақсатында негізгі әлеуметтанулық ұғымдармен, концепциялармен және теориялармен таныстыру;
- әлеуметтанудың әлемде және Қазақстанда қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу;
- қолданбалы әдістерді меңгеру және әлеуметтанулық әдістерді ұйымдастыру;
- Қазақстан қоғамының қазіргі әлеуметтік мәселелерін қарастыру және талдау;
- студенттердің өзіндік дайындалуы негізінде қоғамды әлеуметтанулық зерттеудің ерекшеліктеріне қатысты оқу материалдарын тереңдетілген түрде игеру;
- Студенттерді әлеуметтанулық ойлауға, алған білімдерін қоғамның өзекті мәселелерін тааңдап алып зерттеуге үйрету;
- Студенттерді жаһандану жағдайындағы мәселелермен таныстырып, әлеуметтанулық тұрғыда талдау жасай білуге бағыттайды.