Философия және саясаттану факультеті


тақырып. «Өнер философиясы»



бет5/7
Дата21.10.2022
өлшемі27,98 Kb.
#44521
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Филол Тюр 2022 Емтихан бағдар

тақырып.

«Өнер философиясы»
Философия және өнер. Өнер түрлері. Өнердің мәдени феномен ретіндегі өзіндік ерекшелігі, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. Өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық қабылдау, еліктеу және елігу; сұлулық, әсемдік, асқақтық, көркем образ, көркем стиль, көркем талғам, символ, мимезис, катарсис. Философия тарихындағы өнерге деген көзқарас. Платон, Аристотель, Кант, Шеллинг өнер болмысы туралы. Қазақ халқының өнер философиясы. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің бірегей феномені.

      1. тақырып.

«Қоғам және мәдениет»
Қоғам философиялық пайымдау пәні ретінде. Философия тарихындағы әлеуметтік ой- пікірлер. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік институттар. Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні. Қоғам түрлері. Дәстүрлі, индустриалды, постиндустриалды, желілік, ақпараттық және тұтынушы қоғамдар. ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамдық санасының жаңғыруының мәні. Мәдениет және өркениет ұғымдары. Рухани және материалдық мәдениет. Элиталық және бұқаралық мәдениет, субмәдениет, контрмәдениет т.б. Философия тарихындағы мәдениет теориялары (З. Фрейд, Н. Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби, К. Леви-Строс). Қазақтың ұлттық мәдениеті. Қазақтардың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның "Рухани жаңғыру" жобасы аясында дамуы.

      1. тақырып.

«Тарих философиясы»
Тарихты философиялық тұрғыдан түсіну мәні. Уақыт түсінігі мен тарих
түсінігі арасындағы байланыс. «Миф» уақыты. Тарихтың бағыттылығы: шеңбер бойымен, серпілмелі, сызықтық, локальді. Тарихтың мақсаты және оның мәні. Адамзаттың тарихы: өткені – қазіргі уақыты – болашағы. Философия кезеңдері бойынша тарихты түсіну (Антика; Ортағасыр, Қайта Өрлеу, Ағартушылық кезең; Тарих философиясы: XVII-XIX ғғ. философия; Гесиод, Фукидит, Августин, Вико, Гердер, Гегель. Қазіргі заманғы өркениет – ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары. Асан Қайғының «Жерұйық» мәселесінің философиялық мәні. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жаңару үдерістерінің мәні мен ерекшелігі.
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет