Бақылау сұрақтары:
Қазақтардың көшпелі өмірі, тұрмысы және дәстүрі, халықтың рухани дүниесі, ауызша шығармашылығы, бейнелі ойлануда көрінуі.
Қазақ жеріндегі орта ғасырдағы көрнекті ойшылдар. Қазақ жеріндегі атақты орта ғасырлық ойшылдар (Қорқыт-Ата, Жүсіп Баласағұн, Махұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Асан-Қайғы ).
ХІХ ғ. қазақ ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев).
ХХ ғ. басындағы қазақтардың қоғамдық–саяси және философиялық ойлары.
Алашорда қозғалысы, оның идеологтарының қазақ мемлекеттілігі, сот, мәдениет, білім, т.б. мәселелерге көзқарастары.
Зар заман ақындары мен ағартушы-демократтарды ажырата қарау (Дулат, Шортанбай, Мурат).
Алаш орда қозғалысының тарихи маңызы неде?
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, философиялық ойлар (Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров).
№11 дәріс. Ғылыми таным және оның құрылымы
1.Танымның тәжірибелік табиғаты. Қазіргі адамзаттың қажеттіліктер мен оны қанағаттандыру жолдарын іздеу – қазіргі ғылым дамуының негізі
2.Ғылыми таным құрылымына адамның барлық мәнді күштерінің кірістірілуі. Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері.
3.Танымдағы ақиқат мәселесі. Адасу мен жалғандық. Ақиқат пен сенім.
Таным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің біржақты формальді-лгикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі.
Ол шығармашылық ойлауға, ғылыми зерттеудің шынайы сыншыл рухына қарсы, дайын нәтижені ойлауға алып келіп байлайды, анықтмалардың көпмағыналылығы мен күрделілігіне сүйенеді, субьективизм орнатады, мәтіндермен тек түсіндірмелі жұмыстар жүргізеді, арнайы ортодоксальды доктринаны негіздейді, соған бағынады.
Эмпирпиканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.
Қазіргі ғылыми танымда айғаққа байланысты екі шеткі бағыттар қалыптасқан: фактуализм және теориялық. Біріншісі теорияға қатысыз айғақтың дербестігін, тәуелсіздігін баса көрсетсе, екіншісі айғақ терияға тәуелді деп санайды. Ғывлымда айғақ дәйекті болса, ол келесі айғаққа жол ашады.
Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.
Ал теориялық білім рационалдылықтың элементтерін қамтиды: ұғымдар, теориялар, заңдар, ойлау опрерациялары. Теориялық білімнің негізгі мақсаты барлық нақтылықта және толық мазмұнда обьективті ақиқатқа қол жеткізу, абстракциялау, идеалдадыру, синтез, дедукция жүреді.
Ғылым жүйесі шартты түрде: жаратылыстану, техникалық, гумантарлық болып бөлінеді. Ғылымды тәжірибеге қатыстылығы бойынша да іргелі (фундаментальді) және қолданбалы деп те бөледі. Іргелі ғылымдар шындық құбылыстарының арасындағы заңды қатынастарды танумен айналысады, қолданбалы зерттеулердің негізгі мақсаты іргелі ғылымдар ашқан жаңалықтарды әлеуметтік, өндірістік, техникалы салалардағы мәселлерді шешу үшін қолдану болыр табылады.
Ғылым туралы айтылғанда, біріншіден, ол – жаңа білімдерді алу қызметі, екіншіден, ғылыми-зерттеу қызметі ақылы алынған білімдер, шініен, білімдерді өңдеумен шұғылданатын әлеуметтік институт.
1) егер күнделікті тұрмыста білім тек практиакалық мақсаттарға жетудің құралы болса, ғылыми білімде сол білімдерді алу негігі мақсат болып табылады. Ғылыми қызметке арнайы жабдықтар (құралдар, лабараториялар), ғылыми зерттеудің әдістері, кең ақпараттарды өңдеу мен игеру (кітапхана, мәліметтер базасы) аса қажет.
2) Ғылыми білімдердің жиынтығы ұғымдық формада көрінеді, оның эмпирикалық және теориялық негізделуін қажет етеді, сынауға қол жетімді болуы да маңызды, шындық пен ақиқатқа бағдарланған болуы тиіс, қайшылықсыз және жүйелі байланыстарға ұмтылуы керек. 3) Әлеуметтік институт ретінде ғылыми қоғамдастықтарды, мекемелерді, кезекті ғылыми басылымдарды, ғылыми конференция, пікірталас сияқты ғылымға қатысты әлеуметтік қатынас мәселелерін қамтамасыз ету басты мәселе.
Әдіс ертедегі грек сөзі мақсатқа жетудеген мағынаны білдіреді. Ол ғылыми нәтижелерге қол жеткізу барысында пратикалық және теориялық деңгейде қолданылатын ұйымдасқан ретті тәсілдер болып табылады. Кейіннен ғылыми мақсатта қолданылатын, нәижелер алу мен зерттеу бағытын анықтап, жйелеп отыру үшін әдістер қолданыла бастады. Ғылми тұрғыдан әдістерді қолдану алғаш рет көне грекияда пайда болды. Аристотель өзінің фрмальді логикасында алғаш рет әдістерді барынша жүйелеп крсеткен болатын. Мәселен, дедукциялық дәлелдеу формасығылыми әдіс ретінде арнайы қолданылды. Жаңа заманда бұл әдістерді жетілдіру мақсатында іс шаралар атқарылды. Ф. Бэкон мен Р. Декарт өзінің әдісер жөніндегі еңбектерін жазды. Ф. Бэкон елестер деп атаған танымдағы адасумен қателіктердің көріністерін ұсынуы, осы әдістерді дұрыс қолдануды, ғылыми идеялардағы қателіктерді таба білуде зор маңызы болды. Декарт интуитивті танымды жатап, интеллектуальді интуицияны басымдылыққа шығарды, бұл шындығында, әдіснама болатын.
Әдіс (грекше. μέθοδος = зерттеу жолы, теория, ілім деген мағыналарда қоданылған.) — белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу, практикалық және теориялық қызметтердің операцияларының немесе тәсілдерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |