Семинар № 9. Әлемді танудағы онтологияның танымдық-құрылымдаушы ролі
Болмыс, субстанция дүние бірлігі ұғымдары.
Болмыстың сан алуан қырлары
Болмыс пен Бейболмыс арақатынасы
Әдістемелік ұсыныстар:
Дүниені философиялық тұрғыдан түсініп, Болмыс категориясы, оның мән-мағынасы, ерекшелік сипаты, Болмыстың негізгі формалары және олардың диалектикасы мәселелерін ұғындырыңыз.
Парменидтің болмыс хақындағы – бүтін, шынайылық, игіліктілік, әсемділік бола отырып, біртұтас қозғалыссыз, тұйық шар формалары деп түсіндірілетіндігін, кейінгі Элеаттар мектебінің өкілдері шынайы болмысты сезімдік әлем мен алдамшы болып көрінетіндерге қарсы қойғандығын, болмыс туралы ілімді таза, біртұтас, өзгермейтін мәңгі өмір сүретіндерді қарастыратын ілім етіп құрғандығын ұғындырыңыз.
Дүние, болмыс туралы ойтолғаныстар философия тарихында көне замандардан-ақ басталғандығын, мифтік дәуірде болмыстың тылсым қырларына үңілу, оның жеке элементтерін қастерлі санау, дүние мен адам қатынасының қыры-мен сыры толғанылғандығын түсіндіріңіз.
Ал орта ғасырдағы онтология теологиямен байланыста қарастырылды да, абсолютті болмыс құдаймен барабар деген түсінік басым болғандығын сараптаңыз. Мәселен, схоластикада осындай үдерістер бойынша: субстанциялық-акциденциялық, актуалды-потенциалды, кездейсоқ-қажетті болмыс деңгейлері ажыратылды. Универсалийлердің онтологиялық статусы жөнінде, яғни, жалпы атаулардың шынайы және шынайы еместігі турасында номиналистер мен реалистер айтысты.
Семинар №10. Материя – материалдық болмыс ретінде
Материяның болмысы: қасиеттері мен сапалары. Әлемнің материалдық бейнесі
Материяның алуан түрлі формалары: энергия мен зат.
Материя туралы қазіргі заманғы теориялар
Әдістемелік ұсыныстар:
Философия тарихындағы материя туралы анықтамаларды игеріп, оны жоққа шығаратын әр түрлі қөзқарастардан хабардар болыңыз. Мәселен, 18 ғасырдағы ағылшынның субъективті идеализмінің көрнекті өкілдері немесе эмпириокритицистер атап көрсеткендей, материя объективті емес, ол сананың туындысы, түйсіктердің жиынтығынан басқа түк те емес екендігі Д. Юмның, Дж. Берклидің, Э. Махтың т.б. көзқарастарында айтылған. Сондықтан материя – кеңістікте өмір сүретін, руханилыққа қарама-қарсы «заттық» әлемдердің бірлігі мен тұтастығын айқындайтын арнайы философиялық жалпы ұғым де те анықтауға болатындығын түсіндіріңіз.
Осы тұста «заттық» дәрежеге материяның қатынасын анықтап беріңіз. Заттың барлығы материя болып табылады, яғни, материя құрамына сөзсіз енеді, материя емес зат болмайтындығына мысалдар келтіріңіз. Бірақ материяның барлығы зат емес, зат емес материя болатындығын түсіндіріңіз. Сонымен физикалық өрістер, элементар бөлшек, атом, молекула, химиялық элементтер, ағзалар, геологиялық формациялар, ғарыштық жүйе т.б. барлығы материя тобына жатқызылатындығын байыптаңыз.
Энергетизм – энергия туралы ілім екендігін, жаратылыстанулық-ғылыми энергетизмнің негізін салушы – Роберт Майер екендігін, философиялық энергетизмде – материя, рух сияқты барлық өмір сүріп тұрғандар мен өтіп жатырғандарды энергияға апарып тірейтіндігін, бәрі энергияның көріну формалары деп түсінілетіндігін, бұл энергетизмнің негізін салушы В. Оствальд болып табылатынгдығын тереңірек түсіндіріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2008.
2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.
3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.
5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.
6. Әбішев Қ. Философия. А., 2008
7.Алтаев Ж, А.Қасабек. Философия тарихы. А.,1999 ж.
8. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. А., 1992 ж
9. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |