Cтуденттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырмалар және оларды дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстар Философия кафедрасының аға оқытушысы Қошқарбаев Е.Е.
Алматы, 2023 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент философия пәні бойынша бірнеше өзiндік жұмыстарды өткізуi керек. Өзiндік жұмыстарға арналған тақырыптар қажетіне орай лектормен жеке-дара берілуі мүмкін. Себебі жұмыстардың әрқайсысы әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін-бірі қайталамауы керек. Түпнұсқалар саны жеткілікті мөлшерде көрсетілген, сондықтан да бір топтағы екі студент бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды. Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдерді қамтитындықтан тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген. Дегенмен, тізімдегі қазақша кітаптар тақырыпты ашуға көмектесе алмаса, тізімде көрсетілмеген басқа әдебиеттерді де, қазақша аудара отырып орыс, ағылшын тіліндегі немесе студент өзі түсініп, аудара алатын өзге де батыс, шығыс тіліндегі әдебиеттерді де пайдалануға болады. Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Тиісті құрылым сақталуы керек, тиісінше жақшада қайнар көз номері, ондағы автор жазғаны қай бетте екені көрсетіле отырып әдебиеттерге, портал, сайт адрестеріне сілтеме жасалуы керек. Ашық көздерден жүктелген, көшірілген дайын рефераттар т.б. жұмыстар бағаланбайды.
Өздік жұмысын орындау барысында жұмыстың көшірілмей, студенттің өзі жазғаны, қолданылған әдебиеттер мен сілтемелерінің саны, тақырыптың ашылғаны жоғары бағаланады. Мысалы «Сана» тақырыбында өздік жұмыс жазғанда студент тиісті тілдегі оқулықтардан «сана», «сознание», «conscience»мтарауын қараумен шектелмей көптеген авторлардың кітабынан қарап барлығын екшеп өзара салыстыра отырып жазғандары абзал. Әлбетте, санаға байланысты арнайы кітап, монография, мақалаларды пайдалану жоғары бағаланады. Мысалы, бейсаналыққа байланысты З.Фрейд жазбаларын, Джон Сёрльдің «Сознание, мозг и наука» кітабын, Е.В. Косилованың «Философия и психология о сознании» секілді мақаласын, «Философия сознания в образах и понятиях» секілді ұжымдық монографияларды тағы басқа еңбектерді қажетіне және қызығушылығына орай пайдалануына болады. СӨЖ аптасында студенттерді дерек көздерін іздеумен қинамау үшін оқытушы дәл қандай кітаптан жазу керек екенін көрсетіп кітаптың кітапханадағы, сайт, порталдағы сілтемесін жібереді.
Силлабуста және осы жерде көрсетілген ұсынымдық сипаттағы бұл тізбелерден бөлек негізгі тапсырмалар нақтылы әр студентке жеке дара берілуі мүмкін.
СӨЖ 1 «Философияның тарихи типтері» бойынша жазба жұмыс
СӨЖ 2 «Сана проблемасының зерттелуі» жайлы жазба жұмыс
СӨЖ 3. «21 ғасыр философиясындағы үрдістер мен өзекті философиялық проблемалар» тақырыбында зерттеу жұмысын жазу
СӨЖ 4. Құндылықтардың мейлінше толық жіктемесін жасау.
СӨЖ 5. Философияның бөлімдері бойынша жазба жұмысы
СӨЖ 6. Философияның практикалық, қолданбалы мәселелері бойынша жазба жұмысы.
Бұл тақырыптар ұсынымдық үлгі тақырыптар екенін ескеру керек. Яғни, бұл дәл осы тақырып бойынша СӨЖ жазу керек, турасын айтқанда осы тақырыптар бойынша «ғаламтордан іздеп әншейін жүктей салу керек» дегенді білдірмейді. Жұмыстардың тұтас бірыңғай болмауы, ашық ақпарат көздерінен жүктеліліп алынбауы т.б. үшін, тиімділік пен ұтымдылық мақсатында әрбір білмгергер үшін жеке-дара бөлек тақырыптар беріледі. Бұл жайлы сабақ барысында немесе Whats Арp чаттық топтарында қосымша хабардар етілетін болады.