Өзін-өзі тәрбиелеу– Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды», - дейді. «Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері).
Этнопедагогика- ғасырлар бойы қалыптасып, одан әрі қарай дамып, келешекте кемелдене беретін ғылым. Оның философиялық, дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең зерттеп, ғылыми жүйесін саралап, сараптап пайдалану ісі аса жауапкершілікпен қажырлы ғылыми еңбектерге байланысты. Мектептерде арнайы сабақтар, жоғары оқу орындарында арнайы курстар ұйымдастыру қажеттіліктері туындауда. Өйткені барлық оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу жұмыстары этнопедагогикамен байланысты жүргізу тиімді, әрі нәтижелі болу. Барлық жерде оқу тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш бола алады.