Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет31/49
Дата06.01.2022
өлшемі465 Kb.
#11507
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Дәріс №14. Дәрістің атауы. Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны. (2 сағат. 14 апта)

1 Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.

2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
1.Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл дәстүрлердің өсіп келе жатқан адамға психологиялық әсерін және оларды қолданудың жолдарын білу керек. Бұл үшін оларды жан-жақты зерттеу және алынған нәтижелермен студенттерді, болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық көзқарастар жайлы білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.

Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ пейілділік, ізгілік ахуалын туғызуда.

Байланыстың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.

Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті дамытуға қатысты проблемаларға қарағанда күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Шынайы халықтық негіздерді толығырақ енгізу бұл мәселені шешуде тірек қызметін атқара алады.

Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен тәсілдер неғұрлым мол оқыту неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен адалдықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етілуі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылығы оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді бірлігінің ерекше маңызды методикалық аспектісі болып шығады.

Тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар қазіргі бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдану және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстанның тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.

Оқыту мен тәрбиелеу арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.

Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың бағдарламаларын дайындау қажеттігі туындайды. Олар, мәселен, төмендегідей бағыттарда мазмұндалса тиімді болар еді:



  • Мақсат, міндеттерді ұсыну, оларға жетудің жолдары мен құралдарын анықтау (болжау бағыт);

  • Халықтық педагогика жайлы қажет білімдер және педагогикалық дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі, көпұрпақтығы, сапалық қасиеттерді қалыптастырудағы тәрбиелік құндылықтардың сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт);

  • Тәлімдік дәстүрде негіз қаланған халық даналығы байлығы мен тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт).

Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас педагогикалық процесте – меңгерудің шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар:

  • Педагогтардың ұрпақтар байланысын отбасындағы қарым-қатынастағы секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі;

  • Халықтық педагогикалық мәдениетті ауызша шығармашылықтар туындыларымен, жазба мұралар, архитектуралық ескерткіштер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру;

  • Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы қайнар көз – ана тілін жетік игеру.

Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай педагогикалық пайдаланғанда ақыл-ой, адамгершілік, этикалық, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесіне, ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады.

Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық педагогикасының озық идеялары мен тәжірибесін қолдану принциптерін есепке алып жүзеге асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі жағдайдағы жаңадан қалыптасып жатқан дәстүрлермен ұштастыру); қоғамдық-тарихи тәжірибе, халық даналығы берілісі сабақтастығын балалардың отбасы тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы қатардағы дәстүрлерге және олардың белсенді қызметіне тарту:



  • Оқушыларды халық педагогикасының құралдарымен тәрбиелеудің мақсаты, міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми негіздеу (мұның өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді).

2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізудің қазіргі жағдайы «Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.

Қоғамның рухани байлығын арттыруға жәрдемдесетін халықтық педагогиканың озық идеялары мен жағымды тәжірибесін, жекелей алғанда, дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен мінез-құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін іріктеген жөн және педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.

Мектептер үшін ата-бабалар қол еңбегі мен халықтық өзге жетістіктерді, халықтық медицина тәжірибесі, адамның мінез құлқына талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы «Қазақ халқы педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді.

Халықтың педагогикалық шығармашылығы мұраларын сабақтауда және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен пайдаланған тиімді. Ауызша халықтық шығарма, туған тіл баланың жан дүниесіне енеді. Мақалдар, мәтелдер балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе, жұмбақтар ой-өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді, тұлғаның моральдық-жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесі құралдары, әдістері мен тәсілдерді қызметін атқаруы қажет.

Халықтық ауызша шығармашылығын оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейпінің өзге де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі өмірі мен бүгінгі жағдайы айырмашылығын жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен эпостарды оқып үйрену негізіне салыстыру мен теңеу әдісі алынғаны тиімді болар еді.

Халық шығармашылықтарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі тәрбие мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.

Оқушыларда халық шығармашалығының көркемдік құндылығы жайлы шығармашылығының көркем дік құндылығы жайлы түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы, көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге қонымды пайдалана алу; халық туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі, көркемдік айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды.

Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде озық халықтық дәстүрлерді, жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасынан өнегелерге кластан тыс жұмыста, газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.

Халықтық педагогика мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол не өзге деңгейде байытуы тиіс. Халық педагогикасы материалдарымен жұмысқа оқушылардың өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер, байқаулар, тақырыптық кештер мен конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.

Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.

Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет