«философия» ПӘні бойынша №4 соөж тақырыбы: Материя: кеңiстiк пен уақыттағы формасы нақтылаңыз. Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының



бет2/2
Дата04.11.2022
өлшемі51,02 Kb.
#47614
1   2
Байланысты:
Манапбай Еркежан СӨЖ 5

Материя, кеңістік және уақыт
Заттың уақыт пен кеңістікте орны бар. Заттың уақыт пен кеңістіктегі орналасуына қатысты философтар екі негізгі көзқарасты алға тартты:

субстанциалды, оның жақтаушылары (Демокрит, Эпикур) уақыт пен кеңістікті материямен бірге дербес шындық деп санады, ал материя, кеңістік пен уақыт арасындағы қатынас субстанцияаралық деп саналды. Кеңістік бос орынмен сәйкестендірілді, тәуелсіз субстанция ретінде түсінілді, соның арқасында барлық құбылыстар мен процестер кеңістіктік сипаттама алады. Бұл идея классикалық физиканың қалыптасу процесінде маңызды рөл атқарды. Уақыт тәуелсіз тұлға ретінде де, «жалпы ұзақтық» ретінде, барлық мүмкін болатын өзгерістердің шарты ретінде қарастырылады. Бірдеңе бола ма, жоқ па, уақыттың өз «ағыны» бар; қатынастық (лат. relatio – қатынас), оның жақтастары (Аристотель, Лейбниц, Гегель) уақыт пен кеңістікті материалдық объектілердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан қатынастар ретінде қабылдаған. Уақыттың реляциялық концепциясы қозғалыстың басымдылығынан, нақты объектілердің өзгеруінен туындады, оларға қатысты өзгерістердің сипатына қарай уақыттық қатынастар қалыптасады. Уақыт реттіліктің, болып жатқан өзгерістердің реттілігінің көрінісі ретінде әрекет етеді.


Қазіргі уақытта реляциялық теория неғұрлым сенімді болып көрінеді (ғылым жетістіктеріне негізделген), оған сәйкес:


  • уақыт – материалдық объектілердің өмір сүру ұзақтығын және осы объектілердің даму процесіндегі өзгерістерінің (күйлерінің өзгеруінің) реттілігін білдіретін материяның өмір сүру формасы;

  • кеңістік - оның көлемін, құрылымын, материалдық объектілер ішіндегі элементтердің өзара әрекетін және материалдық объектілердің бір-бірімен әрекеттесуін сипаттайтын материяның өмір сүру формасы.

Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланысты. Кеңістікте болып жатқан нәрсе уақыт ішінде бір мезгілде болады, ал уақытта болып жатқан нәрсе кеңістікте болады. Гегель кеңістік пен уақытты қозғалыспен байланыстыра отырып, олар бір нәрсенің қозғалысы, өзгеруі болған кезде ғана жарамды деп тұжырымдады. Ал қозғалыс, Гегель бойынша, кеңістік пен уақыттың тікелей бірлігі.
Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, кеңістік деп заттар мен қүбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол - дүниедегі болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан
бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты.
Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы
негіздерінің бірі ретінде қарайды жэне релятивизм (салыстырмалы)
- кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдық
объектілердің формалары, соған бағынышты.
Бірінші көзқарастың негізін жасаған көне грек философы
Демокрит болды. Ол өзінің атомистік ілімінде дүниенің алғашқы
негізін қүрайтын екі бастаманы мойындайды: оның бірі көзге
көрінбейтін эрі қарай бөлінбейтін үсақ бөлшектер -атомдар жэне
ғарыштағы бос кеңістік. Атомдар сол кеңістікте қүлдырап келе
жатып бір-бірімен соқгығысып, табиғатың заттарын тудырады.
Яғни кеңістік - субстанциялық алғашқы негіздердің бірі. Егер
дүниедегі атомдар бір сәтте жоғалып кетсе, Дүние құрымайды -
кеңістік алғашқы негіздердің бірі болып қала береді.
[4-425]
Сол заманның ірі ойшысы Эмпедокл бұл пікірге қарсы
шығып: «Судағы балыққа қараңызшы - онда бос кеңістік жоқ, бірақ
балық қозғалады», - деген пікір айтқан болатын. Яғни ол бос
кеңістік идеясына қарсы шықты.
Аристотельдің ойынша да, бос қуыс жоқ, кеңістік - дүниедегі
заггардың алатын орны, ал уақыт — қозғалыстың саны, мөлшері.
Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың
жасампаздық іс-әрекетіне теңеді. Дүние өтпелі болып кеңістік пен
уақытта берілген, тек Құдай ғана - мэңгілік, олардан тыс жатыр.
Жаңа дэуірде Декарт «бос қуыстық» идеясына қарсы шығып,
кеңістіктің заттармен толы екені жөніндегі идеясын ұсынды. Олай
болса, кеңістік пен созылу - бір. Ол ұзақтық пен уақытты айыру
керектігін де айтады. ¥зақтық заттарға тән нэрсе болса, уақыт - сол
ұзақтықтың ой өрісіндегі көрінісі. Осыған жақын көзқараста
Лейбниц те болды.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі ерекше ой айтқан Кант болды.
Оның ойынша, олар адамға априорлық (тәжірибеден бұрын, тыс)
түрде берілген: кеңістік сыртқы сезімнің, ал уақыт - ішкі сезімнің
априорлық формалары. Тек солар арқылы гана адам өз дүние-
танымын белгілі бір тэртіпке келтіре алады.
Жалпы алғанда, философия және ғылым тарихында XX ғ.
дейін кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым
болды. Оған өз үлкен үлесін қосқан ағылшын ғалымы И.Ньютон
болған-ды. Ол ғылымға абсолюттік кеңістік (шексіз қуыс) жэне
уақыт (таза, біркелкі үзақтық) категорияларын енгізіп. олар
материядан да, бір-бірінен де тәуелсіз өмір сүреді деген пікірге
келеді. Сонымен қатар, адамның санасында салыстырмалы кеңістік
пен уақыт жөніндегі түсініктер бар, олар тәжірибеге байланысты
өзгерісте болуы мүмкін.
Ньютон гравитация (тарту) заңдарын ашу негізінде алыстан
әрекет ету теориясын жасайды. Дүниежүзілік тарту күші ғарышта
сол сәтте тікелей шексіз тарап, объектілерге өз эсерін тигізеді.
Сондықтан уақыт ғарышта барлық жерде біркелкі. Мысалы, жер
бетіндегі бір университетте лекция оқылып жатса, басқа жүлдыздар
аясындағы планеталарда сол сәтте басқа зерделі пенделерге де дэріс
жүріп жатуы мүмкін. Бүл классикалық механикада жасалған
түжырымдар болатын.
[4-426]
Уақытқа келер болсақ, оның өлшемі бір ғана: ол өткеннен
қазіргіге өтіп, болашаққа бағытталған. Теоретикалық тұрғыдан
алғанда, егер жылдамдық күн сәулесінен де жоғары болса, онда
уақыт кері ағуы мүмкін. Бірақ ол шынайы түрде мүмкін емес.
Уақыттың кері қайтпаушылығы - оның бір өлшемдігінен шығады.
[4-428]
Кеңістікте қайта оралушылық бола береді. Мысалы, біз күнде үйден
шығып, кешке қайта ораламыз.
Кеңістіктің біркелкілік (барлық нүктелердің теңдігі) және
изотроптық (барлық жаққа бірдей тарауы), ал уақытгың тек
біркелкілік (барлық нүктелер бір-біріне тең болғандықтан уақытты
қай сәттен болсын бастай беруге болады) қасиеттері бар.
Маркстік философия Гегельдің бұл ойын эрі қарай дамытып,
Дүниенің қайшылықгы түрде жаралғанын, оның адамның
санасында тәуелсіз өмір сүретінін дәлелдейді. Біздің санамызда сол
Дүниенің қайшылығы бейнеленеді.
Енді бүгінгі таңдағы түсініктерге келер болсақ, әрбір зат,
құбылыс белгілі бір бірлік, түтастықгы қүрайды. Осының арқа-
сында біз бір затты екіншіден айыра аламыз. Сонымен қатар оның
ішкі бір-бірімен байланыс пен іс-әрекеттегі құрамдас бөліктері бар.
Әрине, түтас зат эрқашанда өзінің құрамдас бөліктерінің эрбіреуі-
нен мазмұн жағынан асып түседі. Тіпті ол өзінің қүрамдас бөлікте-
рінің қарапайым жиынтығының өзінен де асып түседі, өйткені ол
көптүрліктің бірлігі (К.Маркс), нақтыланған көптүрлік (Гегель).
Тақырыпты қорытындыласақ, онтология философиянын күрделi де маңызды салаларынын бiрi. Болмыс, материя, қозғалыс, сана мәселелері философиянын классикалык мәселелерi болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, казiргi күнге дейiн жалғасып келедi және бұл бағыттағы iзденiстердiң өзектiлiгi зор деуге болады.
1 Платон. Собр. соч. в 4 т. Т. 3.. — Москва: Мысль, 1994. — С. 451—456.
2 Кант И. «Критика чистого разума» — Москва, изд. «Мысль», 1994 г., стр. 40-41, 48, 428, 494
3 Аристотель. Сочинения в четырёх томах. Т1, Т3.. — Москва: Мысль, 1976.
4 Философия : оқулық С. Мырзалы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет