Философияны оқу барысында алынған білімдер болашақта саясаттануды, әлеуметтануды, дін философиясын, мемлекет және құқық теориясы мен тарихын, саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқығанда қолданылады.
№ апта
|
Оқу қызметінің түрі
|
Оқу сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Оқытудың түрі мен әдістері
|
|
Күндізгі
|
ҚОТ қолданумен күндізгі
|
|
1
|
МОДУЛЬ 1. Философияның пайда болуы және дамуы
|
|
дәріс
|
Тақырып 1.1: Пәнге кіріспе.Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
1.Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттары және философиялық пайымдау тәсілдері.
2.Философияның негізгі бөлімдері.
3.Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі.
4. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер.
5.Ойлау мәдениеті, философиялық ойлау түрі.
|
2
|
Шолу дәрісі
|
Файлдар алмасу
|
|
тәжірибелік
|
Тақырып: 1.1 Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері.
1.Курстың мақсаты мен міндеті.
2.Философия, оның пәні, объекті және функциялары.
3.Философия және күнделікті сана. Философия және ғылым.
4.Дүниетаным ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
|
2
|
Семинар
Кіші топтарда жұмыс
|
Файлдар алмасу
|
|
2
|
дәріс
|
1.2 тақырып: Философия және дүниетаным.
1.Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия
3.Философияның негізгі мәселесі туралы жалпы түсінік, оның екі жағы: онтологиялық, гносеологиялық жағы.
|
2
|
Ақпараттық-проблемалық дәріс
|
Файлдар алмасу
|
|
тәжірибелік
|
Тақырып: 1.2 Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері
1.Дүниетаным ұғымы.
2.Философияның негізгі мәселелері.Философия және күнделікті сана. Философия және ғылым.
3. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
|
2
|
Баяндамалар, хабарламалар
|
Файлдар алмасу
|
|
3
|
дәріс
|
1.3Тақырып: Сана, рух және тіл. Сана генезисі.
1 Сана. Жалпы ұғымы, негізгі анықтамалары, пайда болуы.
2.Сана және бейсаналық.. Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К. Юнг- архетиптер мен ұжымдық бейсаналық.
3.Жан, ақыл, парасат, рух.
4.Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн - Сина рух туралы.
5.Сананың гносеологиялық моделдері. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез).
|
2
|
нақты жағдайларды талдайтын дәріс
|
Файлдар алмасу
|
|
тәжірибелік
|
1.3Тақырып: Философиядағы сана мәселесі.
1.Сана генезисі. Сананы анықтаудағы негізгі мәселелер. 2.Сананың мәні, құрылымы.
3. Сана және бейсана. Тіл мен ойлаудың арақатынасы. 4.Философия тарихындағы бейсаналық концепцияларды салыстырмалы талдау
5.Қоғамдық сана және оның түрлері.
6.Латын графикасына көшу және қазақ тілінің дамуы.
|
2
|
Семинар
Кіші топтарда жұмыс
|
Файлдар алмасу
|
|
4
|
дәріс
|
1.4 Тақырып: Болмыс. Онтология және метафизика.
1.Онтология туралы жалпы түсінік.
2. Болмыс түрлері(Платон, Аристотель). Болмыс пен бейболмыс.(Парменид, Зенон).
3. «Болмыс» категориясының мазмұны.(Әл-Кинди, Ибн Рушд концепциялары).
4.Философияның негізгі ұғымдары(Абай).
5.Материя» ұғымы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. М.Хайдеггердің" фундаменталды онтологиясы" (Dasein).
6. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі( Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц).
|
2
|
Мультимедиялық дәріс
|
Файлдар алмасу
|
|
тәжірибелік
|
Тақырып: 1.4 Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау.
1.Онтология. Болмыс мәселесі – философияның алғашқы пәні.
2. «Болмыс» категориясының мәні мен мазмұны.
3. Болмыс формалары.
4.Болмыс және бейболмыс.
5.Әлем бірлігі мәселесі
|
2
|
пікірталас
|
Файлдар алмасу
|
|
БӨЖ 1
|
|