«философия» ПӘні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы(силлабус)


Оқытудың күтілетін нәтижелері



бет3/17
Дата31.12.2021
өлшемі492,5 Kb.
#22134
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
РУП Философия каз

Оқытудың күтілетін нәтижелері:

1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;

2 )нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;

3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;

4 )дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;

5) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;

6) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;

7) медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;

8 )қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;

9) кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.


    1. Курстың саясаты

  • М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Академиялық адалдық ережелерін қатаң сақтау: плагиатқа және алдау түрлеріне, көшіруге орын жоқ;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақты босатпау, ауырған жағдайда анықтама әкелу;

  • сабаққа іскерлік киімде келу;

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • үй тапсырмаларын өз бетінше және уақытында орындау;

  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне, курстастарына ашық және мейірімді, сабырлы болу;

  • ұжымдық жұмысқа көмектесу және пікірталастарға қатысу;

  • ұқыптылық және міндетті болу (кешігу, сабақ босату, аудиторияда өз-өзін ұстау, жұмысты кешіктіріп тапсыру, емтиханға қатыспау);

  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің білім алушыларының ар-намыс кодексін сақтау.




    1. Пререквизиттер

Пәнді меңгеру студенттердің адам және қоғам, жалпы дүниежүзілік тарих, әлемдік көркем мәдениет, әдебиет, тарих пәндерінен алған білімдері мен дағдыларына негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет