«философия» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет35/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
����������� � �� �������

Құдайға  деген  махаббат.  Фрейдтің  ілімінше,    діни  махаббат  бұл  жыныстық 

құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне 

беріледі  дейді,  өйткені  ол  адам  ләззат  алады.  Сондықтан  Фрейд  кейде  дінді  жыныстық 

құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып 

тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.   

Суфизмдегі  құдайға  деген  махаббат.  Суфизм  ілімінде  құдайға  деген  махаббат  ең 

негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі 

мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс 

таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің 

алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен 

иудаизмдегі  сияқты  исламда  да  құдайда  жыныстық  айырмашылық  жоқ,  мұнда  құдай 




57 

 

көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты 



құдайды  анықтау  үшін  құдайдың  өзіндік  ерекшелігі  мен  мәні  деген  сөздер  қолданылады. 

Араб  тілінде  ол  формасы  жағынан  еркектік  сипатта,  ал  грамматикасы    жағынан  әйелдік 

сипатта. Құдайдың ең басты мәні – ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат 

тақырыбы  жан  жақты  қамтылған,  Жартылай  ортодоксальды  құдай  ілімінде  Мұхаммед 

пайғамбардың  сөздері  бар,  онда  ол  Құдай  туралы  былай  деген:  “Мен  құпия  болатынмын, 

және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені 

тудырдым”  -  деді.  Жалпы,  құдайды  танушылар  Құдайды  танудың  элементтеріне  назар 

аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, 

реттеп  тұратын  күш  дейді.  Құдай  да  бүкіл  әлем  мен  дүниені  махаббатты  сияқты  жаратты, 

дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, 

ата  ананың  балаға  деген  махаббаты  –  бұлардың  барлығы  өмірге  мән  мен  мағына  беріп 

тұратын  осындай  махаббаттың  бір бөлігі  болып  табылады.  Сондықтан  өмірде  махаббаттың 

алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. 

Сондықтан,  әсемдік  пен  сұлулықты  жақсы  көріп  сүйіп,  оған  деген  махаббатымыз  оянады. 

Мұхаммед  пайғамбардың  -  суфийлер  соңына  дейін  дәледеп  берген  мынадай  сөздері  бар: 

“Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді”.   Құдай дегеніміз бұл 

сұлулық.  Сондықтан  суфизмнің  лирикасының  барлығы    Құдаға  деген  қатынасты  махаббат 

арқылы жеткізуге негізделген, және мұндай махаббат кейде тіпті сезімдік образдарда көрініс 

беретіндігі  соншалықты,  мұнда  мәселе  физикалық  эротика  ма  әлде  рухани  эротология 

жөнінде болып отырғандығын айыру өте қиын. 

Суфийлік  мистиканың  тудырған  махаббат  жөніндегі  өлеңдеріндегі  обьектіге  келсек, 

мұнда  белгісіз  бір  сұлу  бозбала  жөнінде  айтылып  тұрғандай.  Мынадай  аңыз  бар  көрінеді: 

«Мұхаммед  пайғамбар  Құдайды  сақалсыз,  өте  жас  әрі  сұлу  бозбала  образында  өзінің  әуеге 

саяхатында» - көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол 

өзінің  сұлулығын  құпия  ұстамаса,  онда  әлем  жанып  кетуші  еді.  Ол  өзіне  тән  сұлулығын 

көрсетпейді,  сондықтан  бұл  Құдайды  барлық  жерден  іздестіруге  деген  мистиктердің 

құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген  айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні 

ол  -  адам.  Адам  Атаның  өзі  Құдайдың  айнасы,  ол  Хауа  Анадан  құдіреттің  сұлулығының 

бейнесін  көрген.  Адам  бұл  дүниеден  Құдайды  көре  алмайды,  оның  кейпін  көру  мүмкіндігі 

жоқ.  Егер  де  Құдай  өзінің  кейпін  ашса,  онда  оны  көргендердің  назары  оның  жарығынан 

өртеніп кетер еді. Бірақ оны тек пайғамбар ғана көріп қойған жоқ, сонымен бірге мистиктер 

де  өңдерінде  көрген  Құдайдың  көріністері  жөнінде,  көрген  түстері  жөнінде  жиі  жиі  айтып 

жүреді.  Мысалы,    Хәкім  Тирмізінің  мәлімдеуінше  ол  түсінде  Құдайды  1001  рет  көріпті. 

Құдайдың  образы  мен  кейпі  жөнінде  ешкім  дәл  айтып  жатпаса  да,  Құдай  адамзатқа  кез 

келген формада көрінеді екен. Мұндай ілімдер мистиктер үшін өте пайдалы болатын, өйткені 

олар  Құдайды  сұлу  әрі  жас  ер  адам  ретінде  қабылдады.  Жалпы  Құдай    жасампаздық 

әрекетіне қатыспайды, бірақ онда ол айнадағыдай болады. 

Махаббаттағы  келесі  саты  –  бұл  ғашық  адамның  атрибуттарының  жоғалып  кетуі,  ал 

оның  орнына  ғашығының  атрибуттарының  пайда  болуы.    Махаббат  дегеніміз  өзінің 

атрибуттарымен  бірге  ғашық  адамның  өз  өзін  ұмытып,  ал  өзінің  сүйікті  адамының 

толығымен патшалық құруын білдіреді.  

Суфийдің  құдайға  деген  махаббаты  алуан  түрлі  махаббат  қатынастарында  көрініс 

табады. Мысалы, екі  классикалық жұптарды алсақ, бірі  бұл  – Ләйлә және Мәжнүн  – бұлар 

суфизмнің өте маңызды сюжеттерінің бірі болып табылады. Ләйләға деген махаббаттан басы 

айналған  Мәжнүннің  махаббаты  мынадай  жағдаймен  бітеді:  Мәжнүн  өзінің  махаббатының 

обьектісін  көруді  қаламайды,  өйткені  Ләйлә  оның  жүрегінде,  Мәжнүнге  осының  өзі  жетіп 

жатыр. Және бұл махаббат Құдайға деген махаббаттың ең жоғарғы түрі ретінде сипатталады. 

Мұндай  махаббатта  сезімділік  пен  қоса  асқақтық  та  кездеседі,  бірақ  бұл  махаббат  сезімдік 

махаббат ретінде жүзеге асырылмаған махаббат болып  есептеледі.  

Дүниедегі  әрбір  сұлулық  пен  әсемдік  Құдайдың  сұлулығы  мен  әсемдігін    

білдіретіндей. 



58 

 

VIII ғасырдағы Суфизмнің алғашқы негізін қалаушылардың арасында әйел де болатын, 



оның  есімі  Рәбия.  Ол  күң  және  биші  болатын.  Мұсылман  мәдениетінде  Құдай  бізді  жақсы 

көреді,  Құдайдың  махаббаты  барлығымызға  жетеді  деген  түсінік  бар.  Бірақ  та  Құдайдың 

адамға  деген  қатынасын  алып  қарасақ,  махаббат  терминдерінде  сөз  етуге  болмайтын. 

Суфизм ілімінде Рәбия бірінші болып Құдайдың адаммен арасындағы қатынасын құлы мен 

Құдайы  арасындағы  қатынас  ретінде  емес,  құдай  мен  оны  сүюші  арасындағы  қатынасты 

қалыптастырды.  Рәбия  былай  деп  жазады:  “О  Құдайым,  егер  де  мен  саған  ұжмақтан  орын 

берсін  деген  оймен  жалбарынады  деп  ойлайтын  болсаң,  онда  мені  ондай  ұжмақтан  айыра 

бер,    өйткені  бұл  жалбарыну  тек  саудагерлердің  ісі»  -  дейді.  «Құдайым  егер  де  мен  сенің 

тозағыңнан қорқып, саған жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені сол тозағыңа жібере 

бер,  өйткені  бұл  жалбарыну  тек  құлдардың  ісі»  -  дейді.  Құдайым,  сен  көркем  әрі  сұлу 

болғандықтан,  мен  саған  жалбарынып,  мен  сені  жақсы  көремін,  дейді  Рәбия.  Егер  де  бұл 

осылай  болса,  онда  мені  сені  кездестіру  мүмкіндігінен  айыра  көрме  дейді.  Нақ  осындай 

мотив суфизм ілімінің нормасына айналды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет