Танымалдылық тетіктері



Дата09.06.2023
өлшемі13,22 Kb.
#100131

Танымалдылық тетіктері
Ел алдында танымал болу әр адамның кішігірім арманы деп ойлаймын.21 ғасырда танымалдылыққа ие болу қиынның жұмысы емес.Алдыңа қойған мақсатыңа берік болсаң әрі қарай бәрі өз орнымен орындала береді.
Танымалдылық-жеткен жетістіктеріміздің шыңы десек артық айтқанымыз емес,бұл шыңға жету табандылықпен үлкен жігерді қажет етеді.Жетістік жолында көптеген көз қарастарға кезігеміз,біреуі сәттілік пен жақсылықты тілеп тұрса,енді біреуі қөреалмаушылық пен ызаға толып тұрған жанар болуы әбден мүмкін.Ең бастысы мойымай, бастағаныңды соңына дейін жеткізуің қажет.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілер дамуының шарықтау шегінде.Қас пен көздің арасында ғаламтор жұлдызы болып кетуіңіз ғажап емес.Бар болғаны өзіңізге керек желіге тіркеліп, материалыңызды жүктесеңіз болғаны,ол кез келген материал болуы мүмкін видео, жанды дауыста шырқаған әуеніңіз, қоғамда орын алып жатқан оқиғаларға реакцияңыз т.б ешқандай шектеу жоқ.Осындай кішкентай ғана факторлардың өзі танымалдылыққа жетелейді.Аталған керемет мүмкіндікті пайдаланып жатқан жандар көптің қасы.Бес саусақ бірдей емес демекші барлығы жаппай ойға қонымды,көңілден шығатындай материалдар жүктейді дегенгеде сену оңай емес.Халықтың ашу-ызасын келтіріп,провакация жасайтындар да кездеседі.Олардың бар мақсаты өздеріне назар аударту,танымалдылыққа оңай қол жеткізу деп есептеймін.Осындай көзбояушылар арзан танымалдылыққа жету жолында қоғам арасында қалай резонанс тудырғандарын байқамай да қалады.Арзан танымалдылық қалай тез келсе,дәл сондай жылдамдықпен кетіп қалады.
Танымалдылыққа жетудегі басты тетік ол өзіміз.Ең бастысы миымызда орналасқан барьерден әрі асып,сәтсіздіктерге көз жұма білу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет