Философия пәні, қызметтері мен міндеттері. Дүниетаным типтері
Философия пәні, қызметтері мен міндеттері. Дүниетаным типтері.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тексерген: Ахимбекова Л.С
Орындаған: Танатқызы А.
Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы.Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым.
Логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім)
Онтология (гр. ontos – мән туралы ілім)
Гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім)
Аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім)
Философиялық білімнің құрылымы
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Диалектикалық әдіс - ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді.
Метафизикалық әдіс - біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты.
Философияның сыни-талап қызметі – қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды.
Философияның аксиологиялық қызметі (гр. axios – құндылық) – бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. тұрғысынан бағалау.
Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді.
Философияның гуманитарлық қызметі – гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.
Философияның болжаушылық қызметі – дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғаттың және қоғам даму тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды.
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.
Дүниетаным түрлері
Философия
Дін
Мифология
Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды.
Назарларыңызға рахмет!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |