Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән – фелицитология саласы қалыптасты. Фелицитология (латынша felicitas – бақыт) – бұл О. Нейраттың қалыптастырған бақытқа жету туралы ілімі.
Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақыт ұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп көрсетеді:
Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақыт ұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп көрсетеді:
1) тағдырдың берген ырыздығы, «қолға қонған құс», сәттілік, өмірде жолы болушылық;
2) қуаныш, ләззат, рахат;
3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;
4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.
Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады:
Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады:
бақыт психологиясы,
бақыт аксиологиясы,
бақыт социологиясы.
Психологиялық тұрғыдағы бақыт – жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шаттық және ләззат алу.
Психологиялық тұрғыдағы бақыт – жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шаттық және ләззат алу.
Аксиологиялық тұрғыда бұл – құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтың өлшемі. Адам болмысының мәнімен байланысты барлық ізгі адамгершілікті қасиеттерді игеру.
Бақыт социологиясы утилитаризммен (пайда туралы ілім) тығыз байланысты.
Бақыттың құрылымдық элементтері:
Бақыттың құрылымдық элементтері:
береке, яғни ауру-сырқаусыз, бәле-жаласыз, қайғы-қасіретсіз өмір сүру;
қажеттіліктерді қанағаттандыру;
қанағат;
қуаныш;
адамның тұтас өмірді адамгершілік және мәнділік тұрғысынан бағалауы.
Бақыт туралы еңбектер:
Бақыт туралы еңбектер:
Аристотель «Никомах этикасы»,
Сенека «Бақытты өмір туралы»,
Аврелий Августин «Бақытты өмір»,
Боэций «Философиялық жұбаныш»,
әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында»,