Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішік қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
Метафизика – диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарамақайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.
Философияның қызметтері:
Дүниетанымдық;
Методологиялық;
Теориялық;
Гносеологиялық;
Сыншылдық,
Аксиологиялық,
Әлеуметтік,
Тәрбиелік-гуманитарлық,
Эвристикалық,
Өзге де көптеген қфзметтер.
Пән деп философияның зерттейтін мәселелерінің жиынтығын, ауқымын айтады. Философиялық білімнің, философия пәнінің жалпы құрылымдық тұрғыдағы негізгі бес бөлімін атайық: - онтология (болмыс туралы ілім); - гносеология (таным туралы ілім); - адам; - қоғам; - философия тарихы.