Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Шоқан Уәлиханов философиясындағы діннің орны



бет5/7
Дата23.04.2022
өлшемі109,38 Kb.
#32017
1   2   3   4   5   6   7
Шоқан Уәлиханов философиясындағы діннің орны

Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы айқындалатын еңбектерді сараптай келе, оның діндар болмағанын байқау қиын емес. Шоқан өз зерттеулерінде материалистік пайымды ұстанды. Мұндай көзқарас сонау Омбы кадет корпусында оқып жүргенде жақын араласқан сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерінің ықпалымен қалыптасқаны мәлім. Костылецкий, Ждан-Пушкин, Гонсевский сияқты Шоқанның ұстаздары оқыған ортада шапшаң тарап жатқан озық ойлы көзқарасты ұстанды. Соның ықпалымен Шоқанның дүниетанымы өмір мен тіршілік туралы ырымшыл және мистикалық түсініктерден арылды.

Бұл кейінірек оның шамандық туралы еңбегінде көрініс тапты. Шоқанның «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласы шын мәнінде этнографиялық талдау емес. Зерттеу көшпенділердің өмірі мен тұрмысындағы мистикалық түсініктерді материалистік тұрғыдан түсіндіруге арналған. Ол «Шамандық бір жағынан, табиғатты жалпылай немесе жекелей қадір тұту. Адам табиғаттың әсерімен өмір сүреді, әрекет етеді. Осы жағынан алғанда шамандық ұшқары материализм ретінде көрінеді» деп жазды. Осы тұжырымдамадан нағыз философия, нақтырақ айтсақ, Шоқанның пәлсапалық тұжырым жасауға қарым- қабілеті бар екені байқалады.

Философиялық тұрғыдан қарағанда Шоқанның исламға деген көзқарасы да маңызды. Дайындықсыз оқырманға Шоқан мұсылмандық ілімге, материалистің кез келген дінге қалай қарайтыны сияқты, тіпті, жеккөргенін жасыра алмайтындай боп көрінуі де мүмкін. Шынтуайтқа келсек, Шоқан патша жандайшаптары тарапынан қазақ даласына көптеп әкелінген татар молдаларын жақтырмады. Шоқан осы молдалардың қазақтардың бойына сіңірген исламдық үлгіні өз халқына жат деп есептеді. Ол өзінің өкпе-ренішін білдіргенімен, аталған мәселеге философиялық тұрғыдан қарады. Шоқан «Жалпы қазақ халқын еуропалық өркениетке жетер жолда, орыстардың византиялық кезеңді бастан кешіргені секілді, татар дәуірін бастан өткеретін қайғылы болашақ күтіп тұр» деп жазды. Ол тарихтағы тәжірибені алға тарта отырып, өркениет жолымен дамыған жағдайда қоғам өмірінде қалайда діннің рөлін күшейтуге тура келетініне тоқталды.

Туған халқының мүддесі

Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы қазақ халқының өркениет жолымен даму құқығын қорғау жолында айқын байқалады. Бұл, әсіресе, оның «Сот реформасы туралы жазба» атты еңбегінде көрініс тапты.

«Біздің халқымыз бай әрі поэтикалық тұрғыдан мазұнды әдебиетке ие. Ол (әдебиет) шығыс шығармаларына емес, үндігерман эпостарына жақынырақ. Сондай-ақ, ең маңыздысы, біздің қоғамдық дамудың формалары жоғары, мәдениетті өркендеудің нәтижелеріне балама болып табылса да, сол табиғи қалпында жатыр. Біздің болашаққа деген үмітіміз осы дерекке арқа сүйейді» -деген Шоқан орыс билігін қазақ даласында реформаны байыппен жүргізуге шақырды.

Шоқан Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы бойынша жазба» атты еңбегінде былай дейді. «Еуропада әлі күнге дейін көшпелі тайпаларды жауыз шапқыншылар және жүгенсіз жабайылар деп ұғатын жалған түсінік бар. Көшпелі моңғол мен қырғыз (қазақ) туралы түсінік дөрекі әрі малға тектес варвармен тығыз байланысты. Ал осы варварлардың басым бөлігінің жазбаша не ауыз әдебиеті, дастандары бар».

Шоқан туған халқының өмірі мен тарихына арналған еңбектерінде қазақ қоғамының әлеуметтік және мәдени құрылымының ерекшелігіне, көшпенділердің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларға үнемі тоқталып отырды. Тіпті, қазақ тілінің ерекшелігі сияқты мәселеге қазақ қоғамындағы моральдық-адамгершілік және дәстүрлі факторлар тұрғысынан қарау керектігіне назар аударды.

42.Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар.

Ғылымның өсіп келе жатқан рөліне байланысты күрделіліктер мен қайшылықтар антагонистік қоғамда оның дүниетанымдық бағасының алуан түрлі және жиі қайшылықты формаларын тудырады. Мұндай бағалаулардың полюсі – сциентизм және антисциентизм. Сциентизм «нақты» ғылымдардың стилі мен жалпы әдістерін абсолютизациялаумен, ғылымды ең жоғары мәдени құндылық ретінде жариялаумен сипатталады, көбінесе қоғамдық, гуманитарлық және дүниетанымдық мәселелерді когнитивтік мәні жоқ деп теріске шығарумен қатар жүреді. Антисциентизм, керісінше, адамның іргелі мәселелерін шешуде ғылымның түбегейлі шектеулері позициясынан шығады және өзінің шектен шыққан көріністерінде ғылымды мәдениетке оң әсерін жоққа шығара отырып, адамға дұшпандық күш ретінде бағалайды.

Сциентизм мен антисциентизмнен айырмашылығы, ғылыми-материалистікдүниетаным объективті ғылыми көзқарасты тиімді гуманистік бағытпен тығыз байланыстырады, табиғи және әлеуметтік шындықты ғылымның көмегімен түрлендіру құралдарын ашады, сонымен бірге басқалардың нақты маңыздылығын ескереді. ғылымның қызмет етуінің шарттары мен алғы шарттарын құрайтын дүниені меңгерудің және олардың барлығын жеке адамның игілігіне байланыстырудың формалары.

Ғылымның әртүрлі аспектілерін зерттеуді оның бірқатар арнайы салалары жүзеге асырады, олар ғылым тарихы, ғылым логикасы, ғылым социологиясы, ғылыми шығармашылық психологиясы және т.б. Ғылымды зерттеудің жаңа, кешенді тәсілі қарқынды дамып келеді, оның барлық көп аспектілерін – ғылым ғылымын синтетикалық тануға ұмтылады.

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

43.Адам және Ғалам. Зат әлемі.

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия,әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді, Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель) адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін, әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.

Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.

Ғалам ғажайыбы-адам баласының қиялына қанат бітіріп, қуаныш ұялатып, көңілін өсіретін шабыт жебеушісі.Жаратылыс зерттеуші ғалымдардың көпшілігі әдемілік негізін әдетте тек жанды-жансыз табиғат әлемінен ғана іздеген. Төл қасиетті сезіну сұлулық мағынасын тап басу ұғымымен парапар.Эрнет Геккель табиғат сұлулығымен теңдесе алатын баяу, ырғақ, сандар арақатынасы(пропорциясы), үндестік, үйлесім, өлшемдестік жарасымына керемет қызығын сүйсінген. Жер қойлауы,жыныстар көркі академик А.Е.Ферешанның «Россиядағы тастар мәдениеті тарихынан»(1946) дейтін кітабының негізгі тақырыбы болған.

Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы материяның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Кейде оған назар аударылмайды.

Ежелгі қытай, үнді, грек философияларында материя дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.

Антикалық философтар материяны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалектикалық натурфилософияның негізін қалады.

Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және материя ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, материя дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді.

44.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.

Философиялық антропология адамның мәні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский және басқалары) - деп есептейді.

Адам мәселесі философиядағы ең негізгі мәселе. Гректер адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады, - деп айтқан. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, әлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны - біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың әдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология - бұл адамның табиғаты мен мәні, оның әлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер және басқа да ойшылдарга мудделi қазiргi философияның негізгі бағыттарының бірі. Адам деген кім? - деген сұрақ адам философиясының негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сократты адам Философиясының негізін салушы - деп те айтады. Оның көзқарасынша, адам ойлаушы, ақылды жан ретінде ақиқатқа өзінің күшімен жетуi тиiс. Сократтың қолданған әдісіне Аристотель индукция деген атау беріп, жалпы ортақ ұғымдардың анықтамасы ретінде зерделеді. Антикалық философияда Платон мен Аристотель адам туралы тұтас теорияны қалыптастырды. Адамның денесі мен рухы бір-біріне қандай қарым-қатынаста болады деген сұрақтарды қарастырып, адам бір уақытта руханилық пен ақылдылыҚТЫ ұштастыра алады, - деп ой түйді. Платон адамның жеке бөлек өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы көзқарасты дамытты. Ал Аристотель адамның жалпы мәнімен бірге жеке табиғаты туралы айтып, оның жалпы мәні нақты, жеке табиғатынсыз жүзеге аспайды, - деп көрсетті. Адам ұғымы барлық адамларга тән ортақ ерекшеліктерді сипаттау ушін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелерден ерекше өзіне тән өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни, адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Адам туралы айта отырып, көбінесе жануарлардан ерекше адамның орта жағдайларына тек бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің мақсаттарына сәйкес оған белсенді түрде әсер етіп, оны өзінің қажеттіліктері мен тiлектерiне сай бейiмдей алатындығына басты назар аударады. Философия адамды танымның, іс әрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мәңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мәнін және оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық және әлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, адам-әлем жүйесіндегі жалпылық және мәндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады.

45.Ежелгі Үнді діни философиялық ілімдердегі адам мәселесі.

Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.

Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.

Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, «оларда философия толық дамымаған» — деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.


Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннен діннің «қызметшісі» және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен баламаланды. Шығыс философиясы әр уақытта бірсалалы болып келеді және онда онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, психологиялық тұрғылардан қарастыру позициялары болмайды.


Шын мәнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі-нұсқа ретінде санайтын еуропалықтан айырмашылығы бар, мәдениеттің және тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі — ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің санамызға әбден сіңсіп кеткен.

Үнді философиясы — адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Дін мен әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуға құқығы болды.

46.Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).

Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.

Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сон-дықтан да қытай халқының мәдени туындыларында адамның табиғатпен байланыстары жан-жақты көрсетіліп, тамаша бейнеленеді. Даосизмнің негізін қалаушы — Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді. Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б. VI ғасырда қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмірі туралы мәліметтер өте аз, әрі жұмбақ жақтары да аз емес. Сол кезеңдегі тарихи деректерге сүйенсек, этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келіп одан өзінің шығармашылық қызметі жайындағы пікірін білгісі келетіндігін білдіреді. Бірақ, «Көрі дана» Конфуцийді «Әлеуметтік жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт кетірдің, оның барлығы да бос әурешілік» деп қатты сынға алады. Лао-Цзының тұжырымдауынша, халық даоны (дао — жол деген мағынаны береді) негізге алуы қажет, өйткені даосизм ілімінің негізі табиғатпен байланысты. Одан әрі ол былай деп пайымдайды: «Адамзат Жерге, Жер Аспанға тәуелді, Аспан даоны, ал өз кезегінде дао табиғилықты қажет етеді». Олай болса дао — адамзат баласының тіршілігі мен бізді қоршаған жарық дүниенің дәнекершісі болып табылады. Дао — жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. «Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к добродетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.

Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы — Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фуцзы, яғни Кун — ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 жылы шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қоюдың басты жолы — ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және қабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білуі шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бүл қағида — оның этикалық-әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баян- дайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді: «Мемлекетті басқаратын адам — халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт». Нағыз «цзюнь цзы» болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз.

Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы - ян - ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды.

Даосизм ағымы

Даосизм ағымы

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары қV-қққғ.ғ. жинақтаған.

Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

47.Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).

Антикалық философия, б.з.д. 6 ғасырда Грецияда дүниеге келген, ерте грек және рим философиясы, б.з. 6 ғасырды қамтиды (529 жылы император Юстинианның соңғы грек философия мектебін, яғни Платон мектебін жапқан кезеңі). Антикалық философия шамамен 1200 жыл өмір сүрді. Бірақ оны тек территория және хронологиялық белгілері көмегімен анықтау мүмкін емес.

Антикалық философия – адамзат санасының философиялық дамуының жеке және өзіндік құбылысы. Ол Шығыстан грек қалаларына астрономиялық, математикалық және басқа білімдердің ауысу негізінде, ежелгі мифологияның өнер мен поэзияның ситезделуі, мифологияға қарағанда табиғат пен адам туралы ойлаудың өзгерісіне бет бұрыс жасады. Б.з.д 5 ғасырда философиялық космогендік жүйе туындады, ол – миф негізгі танымның рөлі ғана емес, сонымен қатар ойды білдірудің образды құралы, табиғат философиясы мен білім бір-бірінен алыстаған жоқ. Туындаған гипотезалар саны өте үлкен болды, себебі эксперименталды тексеру әдістері әлі жетілмеген. Философиядағы көп гипотезалар әлемді түсінудің философиялық типінің көптүрлілігін байқатады. Бұл көптүрлілік және гипотезалардың туындауының жоғарғы деңгейі Антик философиясының кейінгі уақыт пен ұрпақ үшін философиялық ойлау мектебі ретінде қалыптасты.

Антик философиясы мәселелерін келесі тақырып түрінде анықтауға болады: космология (натурфилософтар), оның контексіндегі раелды шындық «физис» (табиғат) және космос (тәртіп), мораль (софистер) адам танымы және оның ерекше қабілеті нақтыланған тақырып болды. Метафизика (Платон) интеллегибельді шындықтың өмір сүруін жариялау, шындық пен болмыс біртекті емес, идея әлемі сезімнен жоғары болады; методология (Аристотель, Платон) табиғатты тану және генезис мәселесін жетілдіру, сонымен қатар рационалды іздеу әдісі адекватты ойлау ережесі ретінде түсіндірілді; эстетика өнер және өздігінен тамаша мәселелерді жетілдірді; антикалық философия кезеңінің аяқталуында мистикалық-діни мәселелер қалыптасады, ол грек философиясының христиандық кезеңіне тән.

Негізгі философиялық дүниеге көзқарас түрлері антикалық философия құрамында болып, барлық келесі ғасырларды жетілдіріп отырған, - ол «ежелгі мұражай» емес, теориялық ойлардан құралған, оригиналды идеяларға толы тірі сурет. Ол, антикалық әлемнің нағыз қоғамдық күші ретінде, содан кейін философиялық мәдениеттің дамуының бүкіл әлемдік-тарихы ретінде көрініс тапты. Және әрбір жаңа ұрпақ жоғары білім алған сайын, осы әрқашан жас, өзін жаңа таныған философиялық ойлау ағынына толық енуге бейімделеді.

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері

1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп болды.

Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері

Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.

Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде 4 кезеңге бөлуге болады:

1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

2-3) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге кетеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.


4) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

48.Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін ( қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және протестантизм.

Христиандық антропология адамды Жаратушының өзіне тектес тудырған Құдайдың жаратқан санаға ие туындысы деп анықтайды. Православиелік антропология апологетика мен патристика, исихазм мен неополамизм сияқты діни ілімдерде көрініс табады. Нақ осында ХІХ–ХХ ғасырлардағы орыстың діни философиясының антропологиялық тұжырымдары қарастырылады, олар: соборшылдық философиясы, софиология, персонализм, гегельшілдік, рухани-академиялық философия. Бұл мəселеге назар аударған орыстың танымал философтары: Памфил Юркевич, Владимир Соловьев, Николай Бердяев, Семён Франк, Павел Флоренский жəне тағы басқалар.

Христиан теологтары адам туралы өздерінің түсініктерін сипаттап беру үшін антикалық философияның ілімдеріне жүгінді. Бастапқыда діни ілімдердің шеңберінде, кейін дербес түрде, сонымен бірге олармен əрдайым өзара байланыста бола отырып, діни-философиялық антропология, адам туралы христиандық философия дами бастады

Аврелий Августин (13.11.354 Солтүстік Африкадағы Тагаста қаласында туған — 28.8.430 Солтүстік Африкадағы Гиппонда қайтыс болған) — көне рим философы, христиан теологы, батыс патристикасының өкілі. Басында манихей дінін қабылдаған. 387 жылы шоқыну рәсімінен өтті. 395 жылдан бастап Гиппон епископы. Аврелий Августин - гиппон епископы (солтүстік Африка), христиандық ойшыл, теолог, философ, патристиканың ірі өкілі. «Край каласы туралы» енбегінде белгілі «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын негіздейді. Оның дүниеге көзқарасы «Сенімсіз білім жоқ, акиқат жоқ принципіне» бағынады.

Августиннің ең танымал екі еңбегі - бұл Інжілдер және Құдайдың қаласы . Confessions-те , ол өзінің жыныстық адеп-ахлағын және оның анасының жан дүниесіне деген қамын ойлайды. Ол Мәсіхке деген сүйіспеншілігін қорытындылай келе: «Мен өзіме бақытсыз болып, бақытты бола аламын», - дейді.

Адамзаттын дамуын Августин үш сатыдан бөледі.

Бірінші жамандықтын пайда болуына дейін.

Адамзаттын даму тарихынан бастап соңғы сот күніне дейінгі кезен.

Соңғы сот күнінен кейін жақсылар Құдайдың қаласына жамандар тозаққа мәнгі қиналуға түскенге дейінгі кезең.

Адамнын дамуын Августин еврей халқынын библиясына сүйенсе де , көтеген тарихи оқиғаларды шығыс халықтары мен рим халықтарынан алды. Рим қаласы Августиннің пікірінше христиандыққа қарсылық білдіретін қала деп санады. 410 жылы Рим империясын Алариханын нұсқауымен құлағанда ол «Құдайдын қаласы туралы» жаза бастады. Онын пікірінше бұл оқиға римдіктердің христиан дініне қарсылық білдіргені үшін тартқан жазасы болды.

Томас Аквинат лат. Thomas Aquinas, итал. Tommaso d'Aquino;( 1225, Аквино — 1274, Рим) - италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді

Философия қарама қайшылыққа ұрынған шағында, оның көмекке дінді шақыруы қажет. Фома Аквинский - теоретикалық теологияның негізін қалаушы. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі

49.Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола).

Философиялық ойдың дамуындағы маңызды кезең-Қайта өрлеу философиясы, онда табиғи және әлеуметтік болмыстың әртүрлі аспектілеріне қатысты көптеген мәселелер қозғалады. Бұл дәуір мәдениет пен философияның одан әрі дамуына үлкен әсер етті. Италияда пайда болған Ренессанс (немесе Ренессанс) (XIV – XVI ғасырдың аяғы) жалпы еуропалық мәдениеттің құбылысына айналады. Еуропалық халықтардың рухани өміріндегі түбегейлі өзгеріс ерте буржуазиялық қатынастардың қалыптасуынан туындаған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде терең тамырларға ие болды. Қайта өрлеу қозғалысы Венецияда, Флоренцияда, Генуяда (Италияның солтүстігінде) басталады, онда сауда қарқынды дамып, капиталды бастапқы жинақтау процестері жүріп, республикалық саяси режимдер басым болды. Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, навигацияның, әскери істің дамуымен, яғни материалдық өндірістің дамуымен, демек техниканың, ғылымның, механиканың, математиканың дамуымен сипатталады. Бұл осв талап етті. Бұл дәуір ежелгі философия идеяларының екінші туылуымен сипатталады, ең алдымен адамға бірдей үндеу. Әлеуметтік-тарихи практиканың қажеттіліктері жаңа уақыттың тәжірибелік жаратылыстанудың негізін қалап, табиғи гуманитарлық ғылымдардың дамуына қуатты серпін берді.Бұл үрдістің өкілдері Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі ойшылдары болды, олардың жалпы бағыттары гуманизм идеясы, адамның шығармашылық тәуелсіздігі принципін, оның қадір-қасиетін қорғау болды. Жердегі қуаныш пен бақытқа құқықтар. Ортағасырлық философия абсолютті тұлға принципін терең және дәйекті түрде ойластырды, онда барлық жерде және барлық жерде табиғат емес, адам емес, Құдай приматын көрді. Қалалық өмір салтына көшу және өнеркәсіптің дамуы адамның ерекше маңыздылығын, оның өзіндік ерекшелігін, шығармашылық белсенділігін көрсетеді. Жаңа көзқарастарға деген қажеттілік сезіле бастады, олар көп күттірмеді. Әлбетте, жаңа көзқарас дамыды жайдан жай алынған жоқ, олар сақтап қалған өте тығыз.

50. Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі.

Кішкентайегельян мектебінің көрнекті өкілі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың философиялық тұжырымдамасының негізі “Құдай бар”адам болды. Фейербахтың діні-адам қиялының өнімі. Фейербах “христиандықтың мәні” жұмысында діни сананың ерекшелігіне концептуалды талдау жасады, оның мәні — табиғаттан тыс және фантастикалық бейнелерге сенуде. Дәл осы сезімдер, әсіресе адамның табиғаттың дүлей күштеріне тәуелділік сезімдері діни табынуда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар Фейербах дінді жойып қана қоймай, оны қайта реформалауға тырысты. Сондықтан ол адамға деген махаббат дінін қолдайды. Гносеология мәселелерінде Фейербах танымдағы тәжірибе мен сезімнің рөліне баса назар аударды. Ол неміс классикалық философиясының бұрынғы дәстүрінен және әсіресе гегельмен тану теориясының мәселелерін түсіндіруден айтарлықтай ерекшеленді. Фейербах бұрынғы философия әлемді игерудегі ақыл-ойдың рөлін жоғарылатады деп есептеді. Жалпы Фейербах философиясы антропологиялық. Онда қоғамдық байланыстар негізінен адамгершілік ұстанымдармен түсіндіріледі. Фейербахтың антропологиялық парадигмасында адам ұлтқа, әлеуметтік мәртебеге, дәуірге тәуелді емес бастапқы өзгермейтін табиғатқа ие. Бұл адамның өзіне тән ерекшелігі-өмірге деген махаббат, бақытқа ұмтылу, өзін-өзі сақтау инстинктісі, өзімшілдік. Фейербах адам бастапқыда табиғи және оған бағалау сипаттамалары қолданылмайды (мейірімді, зұлымдық және т.б.) және тек адам өмірінің шарттары оны кім жасайды. Фейербахтың еңбегі идеализмнің дінмен байланысын көрсету болып табылады. Фейербах Гегель диалектикасының идеалистік сипаты да күрт сынға ұшырайды. Фейербах философиясының негізгі мазмұны мен мағынасы-материализмді қорғау. Фейербахтың антропологизмі философияның “жалғыз, әмбебап және жоғары” пәні ретінде қарастырылатын адамның мәнін бірінші жоспарға жылжытуда көрініс тапты. Бірақ бұл мәселеде Фейербах дәйекті материалдық көзқарас жасай алмайды,өйткені ол үшін адам-абстрактілі индивид, таным теориясындағы таза биологиялық зат.

51.Аксиология және адамгершілік.

Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мөдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы тең құқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин, т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса, Аксиологиялық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы тарихи-мәдени контекст енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетке өзіңдік сипатымен айқындалғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда жалпы қоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клахкон). Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау — К.Юнг), құндылықтар сұхбаты (М.Бахтин), т.б. жатады.

52.Этикалық ілімдердің тарихи типтері.

Өмір философиясы барлық тірі және рухтарға немесе материяға ұқсамайтын, бірақ интуиция сезімімен танылуы мүмкін, сондай-ақ бастапқы шынайы ретінде қарастырылады. Бұл философияның пайда болуына биология және психология сияқты ғылымның жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым-өмірдің мәні мен мағынасын және оның алуан түрлілігін теориялық түсіну. Философияда өмірдің мәні мәселесінде бірнеше ұғымдар қалыптасқан: Фатализм-бұл болмыстың алдын ала анықтаудағы наным, дүниетаным, оның негізінде осы кеңістіктің бастапқы негізі ретінде бұрын және тек "көрінетін" оқиғалардың шарасыздығына сенуді білдіреді. Сонымен қатар, фатализм — тағдырға сену, рок, алдын ала анықтау, мистика туралы түсінік-бұл әлемдегі және әр адамның өміріндегі оқиғалардың Құдайдың немесе табиғи-детерминациясы. Гедонизм-адам ең алдымен өз іс-әрекеттерінде рахат алу ниетін басшылыққа алатын өмірдегі ең бастысы. Гедонизм-аксиологиялық ілім, оған сәйкес ләззат өмірдің ең жоғары игілігі мен мәні, жалғыз терминалдық құндылық (ал барлық басқа құндылықтар аспаптық, яғни рахат алу құралы) болып табылады. Гедонизм жиі утилитаризмге теңестіріледі, бірақ бұл доктриналар арасында айырмашылық бар. Гедонизм таза аксиологиялық оқыту болып табылады: ол бұл құнды дейді, бірақ адамдар өзін-өзі ұстауы тиіс қалай қорытынды жасамайды. Гедонизм оны құру үшін тек құнды негіз бола алатын ең аяқталған моральдық жүйе емес. Утилитаризм-адамның мінез-құлқына нақты нұсқау беретін консеквенциалистік этикалық ілім. Гедонизм утилитаризмге қарағанда, таза жеке, өзімшілдік ұмтылысқа жол береді.

Волюнтаризм-философиядағы идеалистік бағыт, ол табиғат пен қоғамның дамуындағы Құдайдың немесе адам еркінің негізгі рөлін білдіреді. Волюндаризм (лат. voluntas-ерік) - философиядағы идеалистік бағыт, яғни табиғат пен қоғамның дамуындағы Құдайдың немесе адам еркінің негізгі рөлі. Қаражал алғашқы еркін, волюнтаризмнің рухани болмысы рационализмге-маңызды ақылға қайшы келмейді деп есептейтін идеалистік философиялық жүйелерге қарсы шығады. Волюнтаризм термині XIX ғасырдың соңында социолог ф. тенниспен енгізілді. Дегенмен, этикет пен философиядағы волюнтаристік идеялармен а. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон да алға жылжыды. Волюнтаризм болмыстың жоғары принципіне еркін қарайды. Волюнтаризм тамыз философиясына тән, Жохан Дунстың малы және т.б. аллегориялық мағынада волюнтаризм жеке тұлғаның жағдайларға қарсы күрес болып табылады. Функционализм-бихевиоризм теориясы мен бірегейлігінің баламасы ретінде пайда болған қазіргі сана философиясындағы жетекші теориялардың бірі. Функционализм Аристотель философиясынан, Томас Гоббс және Уильям Джеймс философиясынан басталады, алайда ол XX ғасырдың соңғы үшінде дербес теория ретінде қалыптасты. Функционализмнің негізгі идеясы-психикалық жай-күй физиологиялық жай-күй емес және феноменалдық сипат емес, ақпаратты өңдеу тізбегінде анықталатын функциялар. Каузалды тізбек кіру есіктерден, себеппен бір-бірімен байланысты психикалық жай-күйлерден және шығу тегі кешенінен тұрады. Функционализм-жан, дене мәселелерін қарастырмай, ғылыми психологияны құруға әрекет. Ол материализм мен дуализмге қатысты сыртқы бейтарап позицияны алады.

53.Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы.

Әлем өзінің байлығымен және алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Әлемде рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар , құбылыстар тұлғаның сезімдеріне,ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, құбылыстарды,үдерістерді қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық пайдалылық т.б.тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы қарастырумен сипатталады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын шайып, күмәнсіз ететін гумандылық өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.

Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар

адам болмысының әр түрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті болып табылады. Құндылықтар - өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар - материалдық және рухани қажеттілітерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін.[2] Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық адамның өмірді бағалауы екен. Ал Аристотель жақсылық, игілік ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. Ізгілік сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық,пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани- адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді - дейді. Философ Т.Қ. Ғабитов құндылықтар - қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар - адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады.

Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол қашанда әлдекімнің бағалылығын, яғни объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы - материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Аң екеш аңның өзі төлін қызғыштай қорғайды. Дегенмен, құндылықтың антропогенді, яғни адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті.

Құндылықтар теориясының негіздері

1. Натуралистік психологизм (Дж.Дьюидің 1859-1952 жж. еңбектерімен ұсынылған) құндылықтарды эмпирикалық түрде бақыланатын шындықтың объективті факторлары ретінде қарастырады және олардың қайнар көзі адамның биологиялық және психологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, адамдардың кез келген қажеттілігін қанағаттандыратын кез келген нысан құндылық болып табылады.

2. Аксиологиялық трансцендентализм (В.Виндельбанд, 1848-1915; Г.Риккерт, 1863-1936). Мұндағы құндылық объективті шындық емес, идеалды болмыс. Құндылықтар адамның қалауынан тәуелсіз ретінде қарастырылады. Өзіндік мағынаға ие бұл жақсылық, ақиқат, сұлулық өз алдына мақсат болып табылады және кейбір басқа мақсаттарға құрал бола алмайды. Демек, құндылық шындық емес, мұрат, оның тасымалдаушысы «жалпы сана», т.б. трансцендентальды (басқа дүние, одан тыс) субъект. Сонымен қатар, бұл тұжырымдамада құндылықтар адамға тәуелді емес және нақты құндылықтар мен мәдениеттің жалпы негізін құрайтын нормалар ретінде қарастырылады.

3. Персоналистік онтологизм. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілі М.Шелер (1874-1928) құндылықтардың объективті сипатын бекітті. Оның пікірінше, олар тұлғаның онтологиялық негізін құрайды. Бірақ объектілерде табылған мәндер олардың эмпирикалық табиғатымен сәйкестендірілмеуі керек. Мысалы, түс өзіне тиесілі объектілерге тәуелсіз өмір сүретіні сияқты, құндылықтарды (жағымды, керемет, жақсы) олар қасиеті болып табылатын заттарға тәуелсіз қарастыруға болады. Құндылықтар туралы білім және олардың ойлауы, сайып келгенде, махаббат немесе жек көру сезіміне негізделген. Құндылықтар жоғарырақ болса, соғұрлым олар ұзаққа созылады және біз олардан қанағаттануымыз жоғары болады. Осы тұрғыдан алғанда, ең аз төзімді - бұл нәпсіқұмарлық пен материалдық игіліктерді қанағаттандырумен байланысты құндылықтар. Жоғары құндылықтар - бұл «әдемі» және «танымдық» құндылықтар. Ең жоғары құндылық «әулие» құндылығы, Құдай идеясы, ал Құдайға деген сүйіспеншілік махаббаттың ең жоғары түрі ретінде қарастырылады. Сондықтан барлық құндылықтардың негізі илаһи тұлғаның құндылығында болады.

4. Құндылықтардың социологиялық түсінігі. Бұл концепцияның негізін салушы М.Вебер әлеуметтану ғылымына құндылықтар мәселесін енгізді. Оның көзқарасы бойынша құндылық – әлеуметтік субъект үшін белгілі бір мәнге ие норма. Осы орайда ол этикалық және діни құндылықтардың қоғам дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.

54.Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері.

«Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоқ болып кетпейді» деп айтылады. Қазіргі заманда бұл қағида қаншалықты дұрыс?

Француз ғалымы Лавуазьенің[1] бұл сөзі бар болғаны жорамал ғана. Оның ойынша, «материя тек энергиядан құралған, ол энергияның кеңістіктегі жиынтық пішіні болып табылады. Материя-энергия, энергия-материя негізінде бұл айналмалы құбылыс осылайша жалғаса береді. Олай болса, бар нәрсе жоққа, жоқ нәрсе барға айналмайды. Мәселен, адамдар өлгеннен кейін шіріп топыраққа айналады. Осылайша болмыстарын топырақ ретінде онан әрі жалғастыра береді. Күндегі гидроген гелийге айналар болса, одан тарайтын сәуле радиация немесе түрлі толқындарға айналып, жеті қабат көкке тарайды немесе басқа аспан жүйелеріне дейін жетеді. Олар да өз ерекшеліктеріне қарай бұдан пайдаланады. Яғни, өзгеретін тек заттардың пішіні ғана, ал өздері ешқашан жоқ болмайды.

Адамгершілік ережелері.

Белгілі бір іс-әрекеттің адамгершілік таңдау жасауын талап ететін жақсылық пен жамандық критерийлеріне бағытталуының қажеттілігі.Мұнда индивидтің қолданатын жақсылық пен жамандық критерийлерінің шектелгендігін көрсету маңызды болып отыр.Әлеуметтік қызмет саласындағы маман өзінің іс-әрекеттерін адамгершілік тәжірибеде қолдануға міндетті

Құқық пен моральдың бірлігі мен өзара байланысы олармен анықталады: Әлеуметтік нормалар жүйесінде олар әмбебап ретінде әрекет етеді және тұтастай алғанда бүкіл қоғамға әсер етеді. Олардың бір реттеу объектісі бар, яғни қоғамдық қатынастар. Олардың мақсаты ортақ, яғни адамның мінез-құлқын реттеу, азаматтық қоғамды қалыптастыру, құқықтық мемлекет құру. Жеке бас бостандығының қатаң шекарасын анықтаңыз. Мәдениеттер мен өркениеттің жетістігі болып саналады. Олар бірдей рухани және әлеуметтік-экономикалық қатынастарға негізделген. Сайып келгенде, олар қоғамнан келеді. Құқық пен моральдың айырмашылығы Құқық пен моральдың айырмашылығын былай деп атауға болады: Шығу (адамгершілік қоғаммен, ал құқық – мемлекетпен бірге пайда болады). Көрініс формасы (адамгершілік қоғам санасында, ал құқық жазбаша нысаны бар арнайы нормативтік актілерде қамтылған). Қолдану аясы (адамгершілік барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге қабілетті, ал құқық - тек ең маңыздысы және реттей алатындары; яғни сән, талғам, махаббат, жолдастық, достық және т.б. сияқты қатынастарды ретке келтіру мүмкіндігінсіз) ( моральдық нормалар іске асырылған сайын, құқық нормалары – нақты белгіленген уақытта қолданысқа енгізіледі). Қамтамасыз ету жолы (моральдық нормалар әлеуметтік ықпал ету шараларымен, ал құқықтық – мемлекеттің ықпал ету шараларымен қамтамасыз етіледі). Бағалау критерийлері (моральдық нормалар қоғамдық қатынастарды жақсылық пен жамандық, әділетсіздік пен әділеттілік тұрғысынан реттейді, ал құқықтық нормалар – заңды және заңды емес, заңды және ондай болмау тұрғысынан). Біртектілік сипаты (бір елдің шеңберінде бір ғана құқық нормасының болуына жол беріледі, бірақ бірқатар моральдық нормалар – жалпы қоғамның, сондай-ақ әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби қабаттардың және т.б. .).

55.Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет