Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет6/7
Дата23.04.2022
өлшемі109,38 Kb.
#32017
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия сұрақтар

Парыз (араб.: فرض‎ фарз) - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру. Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді: «Айн парыз» - әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Намаз бен ораза секілді. Біреудің парызын басқа біреу етей алмайды.

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Мән - адамның іс-әрекеті барысындағы заттардың, құбылыстардың маңыздылығы, мәңділігі.

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну.

Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті". Жоғары моральдық құндылықтар деңгейінде барлығы ар - ұятпен бағаланады. Психологиялық ұят ар - ожданды алдын ала анықтайды, ал ұят пен борыш өзара әрекетіндегі адамгершілік пен мақсатқа ұмтылудың негізгі реттеушісі десек болады. Осы кәсіби мақсат "адамның кәсіби жетілу процесімен бірге" қалыптасады. Кәсіби ар - ұят өз кезегінде осы процестің табысты жағдайы болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет