Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет3/7
Дата23.04.2022
өлшемі109,38 Kb.
#32017
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия сұрақтар

40.Г.Гегель, О.Конт.

Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.

Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).

Екінші кезең - «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.

Гегель, Георг Вильгельм Фридрих- неміс философы. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың басындағы неміс классикалық философиясының аса көрнекті өкілі. Объективтік идеализм тұрғысынан диалектиқалық методты жүйелі түрде, жан-жақты зерттеуі арқасында Гегель философия саласында тарихи зор еңбек сіңірді. Философиялық ой-пікірі жағынан Гегель объективтік идеалист болды. Ол абсолюттік идеяны, абсолюттік рухты барлық дүниенің негізгі тірегі деп таныды. Идея, — деп көрсетті ол негізінде — белсенділіктің, іс-әрекеттің қайнар көзі, ол ұдайы өзгеріп, дамып отырады және осы даму процесінде бүкіл өмір сүріп отырған дүниені туғызады; сөйтіп идея шындықтың тіршілік беруші жаны болып табылады.

Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:

«Абсолюттік идеяның» өзін өзі ашуының бірінші кезеңі. Логика, оның ойынша құдайлық ойлы ақылмен сай келетін «таза ойлы ақылдың» жүйесі. Логика, «абсолюттік идеяны» ғылыми - теориялық түрде ұғу. Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Адам тарихы өзіндік даму нәтижесінің барысында белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Гегельдің түсінігінше тарих - рефлексия үдерісі сияқты. Бұл рефлексия дамудың диалектиқалық заңдарына бағынады.

41.Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет