Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары

Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары

бет20/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

28.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық
ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып
табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып,
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным -
адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің
әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе
Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным
табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі.
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд
философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе
өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де,
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам
туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты.
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.
Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды. Философия тарихында субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі өзгеріп, онтологиялық ауқымнан шығып, гносеологиялық мәнге ауысты.
Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.
Таным объектісі материялық, дүние немесе
рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным
объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-
біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен
объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Білім —
адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды
дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі —
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет