Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм



бет21/49
Дата18.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#118249
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

29.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетанымұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктердүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.
Скептизм (көне грекше: қарастыратын, зерттейтін) -
объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану; күдікшілдік, сенбеушілік.
Агностицизм - танымды жоққа шығару,әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.
оптимизм
"Оптимизм" термині алғаш ретбіздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқдралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды.
Скептицизм
Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы, ой-пікірі, адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені С.Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет