55.Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік). Парыз (араб.: فرض фарз) - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру. Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді: «Айн парыз» - әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды жеке өзі орындауға тиіс. Намаз бен ораза секілді. Біреудің парызын басқа біреу етей алмайды.
Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Мән - адамның іс-әрекеті барысындағы заттардың, құбылыстардың маңыздылығы, мәңділігі.
Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады. Қажеттіліктер- адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну.
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті". Жоғары моральдық құндылықтар деңгейінде барлығы ар - ұятпен бағаланады. Психологиялық ұят ар - ожданды алдын ала анықтайды, ал ұят пен борыш өзара әрекетіндегі адамгершілік пен мақсатқа ұмтылудың негізгі реттеушісі десек болады. Осы кәсіби мақсат "адамның кәсіби жетілу процесімен бірге" қалыптасады. Кәсіби ар - ұят өз кезегінде осы процестің табысты жағдайы болып табылады.