Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
4.Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен 
ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес
болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді 
көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. 
Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың 
әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 
озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. 
Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. 


Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің 
міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына 
айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену 
дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. 
Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,
ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері 
арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. 
Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. 
Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша 
ұсыныстар әзірленсін. 
Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл 
бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа 
индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде 
жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. 
Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 
 
 
5.Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. 
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы 
пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи 
тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: 
Мифологиялық, діни, философиялық. Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- 
әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. 
Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және 
өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат 
құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-
қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б. Дін- бәрінен жоғары жаратушы 
күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін 
сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: 
Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы 
адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: 
мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, 
әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің 
атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық 
түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан 
айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой 
қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: 
Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет