Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ
ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім
Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш
анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның,
техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім,
теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол
кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қаптаған ақпараттарды
талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған.
Сонымен, бiрiншi анық-сезiм мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрiнiсi
.Бiрақ болмыстың бұл көрiнiсi ақиқат емес, яғни толық болмысты бiлдiрмейді.
Толық болмысты, яғни акиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзi
дегенiмiз,адамның логикасы немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім ақыл деген
сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Акыл адамның акыл-есін, ой-өрісін,
сана-сезiмiн анықтайды. Сондықтан осы бiр сөзбен адамның адами қасиетi
белгiленiп отыр.
Екiншi анық- өлімнен соңғы тiршiлiк, яғни болмыстың көзге көрінбейтiн бөлiгi.
Болмыстың бұл бөлiгi эзотерикалық, көзге көрінбейтін әлемге жатады.
Ал үшінші анық- екi өмiрге де, яғни көзге көрiнетiн заттық әлем мен көрінбейтін
әлемге де керек - ұждан. Ұждан, немесе ұят-жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның
рухымен байланысты. Ұят Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл
байланыс неғұрлым тығыз болса-соғұрлым ұят жоғары.Жан сипаты болып
табылатын рух тәнмен осы адами қасиет аркылы байланысады. Адамды адам
ететiн адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезiмнiң рухтанған, яғни
рухпен нұрланған қалпы. Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың рухы
өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның жануарлардан негiзгi айырмашылығы осында
болса керек.
Шәкәрім философиясы «Өзiңді таны, соның нәтижесiнде адамды таны>> деуге
келеді. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән,
рух және жан. Тән табиғаттың негiзгi элементтерi топырақ, су, ауа, от және
эфирден тұрады. Ол-материалдық болмыс. Рухқа - сезім, ой-өріс, ақыл-ec, түйсік
және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы қуат
көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-бiлiмге және рухани ләззатқа құштар.
Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген
адамның бүкіл болмысы кемелдi келедi. Жан тәндi тек рух арқылы билейді.
Адамның материалдык болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз
жетілген адам содан шығады.
Достарыңызбен бөлісу: