Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы



Pdf көрінісі
бет62/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
75.Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. 
«Мәңгілік ел» идеясы.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті әлемдік өркениет пен мәдениеттің 
құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда – ерте кезден 
Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық 
территориясындағы Ұлы Дала аумағында қалыптасты. Алтай, Алатау және 
Орал тауларының арасындағы кең даланы мекен еткен Орталық Азия 
халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен басталған 
мәдени дәстүрлері жаһандық жалпыадамзаттық заңдылықтар ағымындағы 
әлеуметтік-мәдени үдерістерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал 
шаруашылығының ықпалымен орнықты. Үш мың жылға жуық тарихы бар 
көшпелі өркениет барысында қазақ халқы сыннан өткен теңдессіз бай рухани 
және мәдени мұраны артындағы ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Сондықтан қазақ 
халқы мәдениетінің терең еуразиялық тамырларын есте сақтаған жөн. 
«Еуразия», «еуразиялық кеңістік» терминдерінің тек құрлықтың ұғымын ғана 
білдірмейтіні белгілі. Бұл түсінік Алтай тауынан бастап Карпат тауына дейін 
созылып жатқан Ұлы даланы білдіреді. Еуразиялық кеңістікті баяғыдан осы 
жердің 
табиғи ландшафтына бейімделіп
, шаруашылықтарын жүргізген 
халықтар – түркілер, моңғолдар және славяндар мекендеді.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші 
факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге 
бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық 
идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, 
елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік 
ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау 
алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние 
болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз 
Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді 
мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде 
түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен 
«Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым 
да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де 
«Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-
бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем 


елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып 
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет