айырылмас табиғаты Ибн Сина тарапынан тереңірек қарастырылады. Ол бул
кабiлеттiң кептiгiн, акыл-ой әрекеттері арасында байланыстың бар екендігін
айтады. Сонымен қатар Ибн Сина адамдағы дем алу және өсу функцияларының,
өсімдіктер мен жануарлардың функцияларына қарағанда өзгеше екендігін
айтады. Себебі адамның ақыл-ойы аталмыш Ибн Сина медициналық
тәжірибесіне суйене отырып сырқаттанған дененің ерік күші арқылы дауа
табатындығын және керісінше дені сау адамның ерік күші арқылы дерт
табатындығын айтады.Яғни адамның ағзасын қорқыныш секілді
сезімдер бұза алады және оның нәтижесі өлімге де апаруы мүмкін.
Адамдарда қуаныш немесе қайғы сезімдері маңызды рол ойнайды. Егер бір пікір
қиялымызға келіп нақты орналасса,ойлау қабілетімізде бір өзгеріс пайда болады.
Яғни ауру адам өзінің дертіне дауа алатындығына сенімді болып, оны
әрдайым есінен шығармаса, оның ешбір дәрі-дәрмексіз жазылып кетуі мүмкін.
Дененің дерт табуы немесе дауа табуы рухқа байланысты.Ибн Сина бұл жерде
гипноздан дәлел келтіреді және пайғамбарлыққа қатысты мұғжизаның
мүмкіндігін көрсету үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: