Философия тарихы



бет11/12
Дата18.10.2023
өлшемі111,5 Kb.
#118210
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ДӘРІС Ф (2) 2

14-тақырып. Әлеуметтік философия
Дәріс мазмұны:
Адамның өмірімен, оның бағдарымен тығыз байланысты болып келетін құндылықтар – «құнды», «игілікті», «бағалы» болып табылатын материалдық, эстетикалық, рухани, мәдени қажеттіліктердің нысаны және олардың өзі. Адам осы құндылықтар әлемінде өмір сүреді және оны өзі жасауы арқылы ол бағалылыққа өтеді. «Құндылық» философиялық және әлеуметтанулық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын түсінік. «Заттық құндылықтарға» адам әрекетінің қорытындысы ретінде пайда болған заттардың басым көпшілігі және солардың қатарына адамның практикалық әрекеттеріне тартылған табиғи құбылыстар да енгізілсе, оның тұтас рухани өміріндегі қажеттіліктер рухани құндылықтарды құрайды. Сондықтан құндылықты тек материалдылықпен немесе руханилықпен шектеуге болмайды. Құндылық теориялық тұрғыдан алғанда да жалпы ұғым, оған құнды болып табылатын игіліктіліктердің барлығы, адамдар жасаған заттар мен руханияттық әлем тұтасымен енеді.
Құндылықтар – П.Менцер айтқандай, адамдардың бәрінен жоғары тұратындарды мойындайтын, ұмтылып отыруға болатын, байыптайтын, құрметпен қарайтын, сыйлайтын құбылыстар. Құндылық әлдеқандай нәрсенің қасиеті емес, толыққанды объект болмысының біруақыттағы шарты мен мәні. Оны сезіну тәсілдері мен адамдардың қажеттіліктеріне байланысты бағалау әр түрлі болады; біреуге үлкен, маңызды, ал біреу үшін түк те емес. Құндылық табиғатын тұтасымен зерттейтін ілім – құндылықтар философиясы немесе аксиология (Лотце) деп аталады.
2. Аксиологияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында құндылық мәселелеріне талдау жасауға болмайды деген көзқарас болды. Құндылық мәселесі барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ғылыми зерттеуден тыс, дүниеге көзқарастың ерекше тәсілі болып шығады деп түсінілген. Сондықтан құндылықтарды үш түрде қарастыру бар:
1) объективтік-идеалистік теориялар (неокантшылдық, Шелер, Гартман, неотомизм, интуитивизм) – құндылық уақыт пен кеңістіктен тыс идеалдылық. Бұнда құндылықтар шынайы, мәңгі өмір сүре отырып, өз алдына тәуелсіз құндылықтар патшалығын құрайда дегенге келіп саятын ұстанымдар жинақталған.
2) субъективті-идеалистік теория (логикалық позитивизм, эмотивизм, этикадағы лингвоанализ, У.Эрбан, Д.Пролл және т.б.) – адамның немесе табиғат заңдарының табиғи қажеттіліктерінің көрінісі ретінде сипаттайды;
3) натуралистік теория (мүдде теориясы, эволюциялық этика, Спенсер, Дж.Хаксли, Теяйр де Шарден және т.б.) – адам мінез-құлқы ортаға бейімделу, адамгершілік өлшемі – эволюция деп түсінеді.
Құндылықтар жүйесін құрғанда оларды жіктеп алу басты міндет. Формальды түрде: позитивті (оңды, жағымды, мағыналы), негативті (шағын құндылық немесе құндылықтың қатыспауы), относительді (салыстырмалы түрде уақыт пен заман талабына сай өзгеріп отырады) және абсолютті (мәңгі, өзгермейтін мәндер), субъективті (адамдық мән іздеуден туған), объективті (жеке сезінуге тәуелсіз шынайы өмір сүретіндер). Құндылықтың барлығы шындығында, оңды және жағымды сипатта, егер ол жағымсыз болса, құндылық емес болып та шығады. Бірақ салыстырмалы тұрғыдан оның жағымды-жағымсыздығының өзі шартты түрде алынған. Абсолютті деп табылған құндылықтардың өзі салыстырмалы абсолютті болып келеді. Сондықтан, құндылық заманауи деңгейде, өзіндік сұраныстарын қанағаттандыратын дәрежеде құндылықтық болмысын нығайтады.
Мазмұн бойынша: заттық құндылықтар (жағымды, пайдалы, тиімділер), логикалық (ақиқат, шындық, күрделі ой), этикалық (ізгілік, қайырымдылық), эстетикалық (әсемдік, асқақтық). Қатынас бойынша материалдық (тұрмыс бұйымдары, алтын және т.б.), рухани (өнер, мораль және т.б.). Аймақтық бөліну бойынша: жалпыадамзаттық және ұлттық болып бөлінеді. Құндылықтардың осындай түрлеріне байланысты философияда әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.
Фон Ринтелен өзінің құндылықтар логикасында релятивистік және тарихи әр түрлі бағыттармен іске асатын, интенсивтіліктің түрлі қабілетін иемденетіндікті есепке алып күресті. Мыс: махаббат – эрос, агапе, адамдарға махаббат, әлеуметтік махаббат, құдайға махаббат формаларында кезең бойынша сақталып отырады. Демек, жалпы түпкі негізін сақтай отыра, әр түрлі формаларда, талғам мен таным бойынша өзіндік ұстанымдарын өзгертуі мүмкін деп түсінеді.
Н.Гартман Кант априоризмі мен Аристотельдің этикалық құндылықтарын синтездеді; нағыз ғарыштың өзі үшін өмір сүретін құндылықтар патшалығы бар, шындық - әлем мен сананың ар жағында орналасқан дей келе, ол құндылықтар мәнін шешілмейтін, иррационалды деп қарастырды. Ал Ф.Ницше құндылықты бағалау «өмірдің нақты тәсілін сақтаудың физиологиялық талабы» болып шығады; ол «билікке ұмтылу» түрінде көрінеді деп, «құндылықтарды қайта бағалауды» іске асыруға ұмтылды. Дәстүрлі мораль мен діни таным парадигмаларын сынай отыра, оны адам болмысының дәрменсіздігі, әлеуметтік эволюциялық сұрыпталудағы басты кедергі ретінде түсіндірді де, олар адамзатты құлдырататындықтан өзгерту керектігін паш етеді. Сайып келгенде, «Құдай өлді» деп тұжырымдады. Осыдан үстем мораль мен құлдық моральді ажыратты. Бұның барлығын жоғарғы құндылықтарды орнататын ұлы адамға тоғыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет