5-тақырып. Жаңа дәуір философиясы. XVII –XVIII ғғ. Дәріс мазмұны: XV-XVIII ғ. батыс Европе елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады. Сол жаңа дәуір философиясы өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) еді. Бірақ өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Әлемді қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазбақ болып жоспарлады. Бірақ, оның тек екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі – “Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы”, екіншісі – “Жаңа Органон”. Ф. Бэкон – материалист, сондай-ақ ол эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. “Білім – Күш”, “Күш – білімде” деген қағидаларды насихаттады. Ол материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады, деді.
Рене Декарт (1596-1650). Ол француздардың атақты философы, материалист. “Мен ойлай аламын олай болса өмір сүремін” (Cogito, ergo sum) деген қағиданы айтты. “Мен ешнәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу – тірлік кепілі”, – деді. Бірақ айналып келгенде ол материалист екенін анық танытты. Декарт – рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Ол жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Томас Гоббс (1588-1679) Оксфорд университетін бітірген, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф. Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі “Левиафан” (1651). Ол еңбегінде Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Т.Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а)табиғи; б)азаматтық дәуірлерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде адам – адамға қасқыр, біреуге біреу қас деп уағыздады.
Бенедикт Спиноза (1632-1677) Голландияның көрнекті материалисті. Ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі – “Діни саяси трактат” (1670), екіншісі – “Этика” (1675). Спиноза бір ғана субстанция бар, ол – табиғат, деді. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан – жаратылған құбылыс деп уағыздады. Жаратылыстан жоғары ешнәрсе жоқ. Табиғаттың өмір сүруі үшін ешнәрсенің керегі жоқ. Өйткені табиғаттың өзі Құдай деп түсінді. Бұл пантеистік пікір болатын. Табиғат мәңгі шексіз. Ол өзіне-өзі себеп және салдар, мән және мағына, ол санадан тыс өмір сүреді. Сана оның атрибуты (қасиеті), деді. Джон Локк (1632-1704). Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетінен бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі “Адам санасы жайлы тәжірибе” (1690). Ол Т.Гоббс сияқты Р.Декарттың “Ой іштен туады” деген пікірін сынады. Адам жаны таза тақта (fobula rasa). Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады.