3 тақырып. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы. Дәріс мазмұны: Құлдық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (лат. тілінде Schola – мектеп) деп атаған. Қазір схоластика деген ұғым өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз, құрғақ, жел сөзге үйір дегеннің синонимі. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. Universalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды.
Реализм өкілдері – Альберт Больштетский, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймуид Луллий, т.б. мәселен, Альберттің пікірінші жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүреді. Олар: 1) заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2) заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3) заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистер материалистік ұғымды таратты. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1294), Ульям Оккам (1300-1350), Николай Оразмский (1313-382), т.б. Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады.
Орта ғасырдағы мұсылмандық философияБұл кезеңде схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1040-1123) өмір сүрді. Ол рубаилармен қатар математика, астрономия ғылымдарында үлкен із қалдырды. Ол кездегі атақты ғалымдардың бірі – әл-Хорезми (ІХ ғ.). Ол математика, астрономия, жағрапия ғылымдарының көрнекті өкілі болды. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі ғалымдардың ішінде әл-Фараби, әл-Бируни, ибн-Сина (Авиценна) ерекше орын алады.
Шығыс елдерінде дамыған ғылымдар ислам елдері арқылы Батыс елдеріне жетіп жатты. Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия мынадай төрт бағытта болды; 1) “таза ағайындар” ілімі; 2) перипатетизм немесе материалистік бағыт. Өкілдері: Закария Рази (864-925), әл-Кинда (800 - 870), ибн-Рушд (1126- 1198) А в е р р о э с.
4-тақырып. Қайта өрлеу дәуірі философиясы Дәріс мазмұны: ХV ғ. басталған бұл дәуірге Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шынғысқан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Европа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіруі және жаңа географиялық ашылымдарға байланысты су жолдарының дамуына себеп болды. Сол іздестіру нәтижесінде Америка ашылды, оңтістік Африка арқылы Үндістанға, Қытайға су жолы ашылып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес, енді сауда жолдары сөнген Орта Азия мен Таяу Шығыс орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Жан-жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін, тірідей екі сағат шыжғырып өлтірілді. Сондай-ақ инквизиция Джордано Бруноны (1548-1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды: “Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын жолдарға бөгет бола алмайды”. Николай Коперник (1473-1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Бұл кезде ғалымдар Жер Күнді айналып қозғалатын гелиоцентрлік жаңалықтар ашты. Пантеистік, Натур-философиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401-1465) салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті.