Философия тарихы


-тақырып. XVIII ғ. Соңы –XIX ғ.басындағы философия



бет6/12
Дата19.06.2022
өлшемі111,5 Kb.
#37076
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДӘРІС Ф (2)

8-тақырып.
XVIII ғ. Соңы –XIX ғ.басындағы философия.
Дәріс мазмұны:
ХVIII-XIХ ғасырларда орыс халқының ілгері дамуына кедергі болған үш жауы болды. Олар: шаруалардың басыбайлылығы, шіркеу және патша өкіметі. Сондықтан орыс халқының алдыңғы қатарлы ойшылдары бұл үшеуіне де қарсы шықты. Ол ресми халықшылдық теориясы деп аталды. Ең алдымен ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) Ресей патшасының төңірегін жайлап, Ғылым академиясын билеп алған немістерден оны аластатып, тазартып, Ресей ғылымын дамытуда, физика, химия, лингвистика, басқа да ғылымдардың дараланып, ілгері басуына, дүние жүзілік деңгейіге жақындауына үлесін қосты. Әсіресе, оның 1748 жылғы Л. Эйлерге жазған хатында зат пен қозғалыстың сақталу заңын табиғаттың еш уақытта жойылмайтын, жалпы заңдылығы деп қарады. Бұл материяның ешқашан жойылмайтындығы туралы пікір болатын. Осыдан келіп, әрбір зат материядан тұрады деген ұғым туындайды.
Саяси өмірге келетін болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз – ресми халықшылдық теориясы. Бұл теория екі бағытта уағыздалды. Бірі – славянофилдер – А.С. Хомяков, ағайынды Аксаковтар, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин т.б. Олар орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, көнбіс, олай болса Ресей сол патриархалдық жағдайда қала бермекші, деді. Екінші бағыт – батысшылдар деп аталды (В.П. Боткин, П.В. Анненков, Б.Н. Чечерин, К.Д. Кавелин, А.В. Дружинин, т.б.). Олар Ресейдегі Батыс Европа сияқты буржуазиялық жолдармен дамытуға шақырды. Бірақ бұл екі бағыт та үстем таптардың билігін сақтап қалуды көздеді. Осындай шым-шытырық тартыс кезеңінде орыстың революционер-демократтары ресми халықшылдық теориясына қарсы шығып, ресейдегі революциялық жол арқылы азаттыққа жеткізуге шақырды. Олар В.Г. Белинский (1811-1848), А.И. Герцен (1812-1870), Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А. Доролюбов (1836-1861) еді. Оларды әртекті революционерлер деп те атайды. Өйткені шыққан тектері жағынан жәй халық өкілдеріне жатады. Бірақ олар өз заманының жоғары білімді адамдары болды.
9-тақырып. Қазақ философиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет