Философия тарихы


-тақырып. XVIII-XIX ғ.ғ. неміс философиясы



бет5/12
Дата19.06.2022
өлшемі111,5 Kb.
#37076
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6-тақырып. XVIII-XIX ғ.ғ. неміс философиясы
Дәріс мазмұны:
XVII ғасырды аяғы – ХІХ ғасырдың бірінші жартысы Неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1814), Ф. Шеллинг (1775-1854). Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өкілдері секілді тарихта жоғарыда айтылғандай топтанып, шоғырланып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер – объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келеді. Соның бір дәлелі – классикалық неміс философиясы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, ХІХ ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатын. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Олар өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Олардың бәрі де (Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университеттерінің ректорлары болды. Шеллинг король ІV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған. Фихте де профессорлық қызмет атқарған. Сөйтіп неміс философтары аристократиялық таптарға қызмет етті. Германияның пруссиялық – юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолюттік құрылысты, олар ең жоғары рухани күш – жаратушының құдыреті деп түсінді. Мемлекет дегеніміз – Гегельдің пікірінше, құдайдың дүниені кезіп жүруі. Тек Фейербах олардан оқшау тұрды. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңіне бөлінді. Сынға дейінгі Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Сын кезеңінде ол “Таза ақылға сын” (1781), “Практикалық ақылға сын” (1788) деген еңбектерін жазды. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін “өзіндік зат” (вещь в себе) және “біздік зат” (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет