Философия тарихы



бет1/12
Дата19.06.2022
өлшемі111,5 Kb.
#37076
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДӘРІС Ф (2)


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ
ФИЛОСОФИЯ

2-курс, қазақ тобы, көктемгі семестр


Мамандық, шифр: Барлық мамандықтар

Алматы, 2020
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ


1 Модуль. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ


1-тақырып. Философия пәні, мақсаты және қызметтері
Дәріс мазмұны:
Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр. logos – ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos – мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – білім, таным туралы ілім), аксиология (гр. axios – құндылық туралы ілім) еді. Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phyzika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл – біріншіге қарама-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Әрине, ол үшін нақты ғылымдардың жетістіктерімен ұдайы қаруланып отыру қажет. Нақты ғылымдармен тығыз байланыс жасамайынша философия өмірден қол үзіп, алшақтап, схоластикалық ілімге айналады.
Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы. Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет