Философия Тематикалық жоспар



бет20/89
Дата10.10.2024
өлшемі0,65 Mb.
#147583
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89

2. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық

  • Материя дегеніміз — адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның , танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады — міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.

2. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық

  • Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”. Яғни, материя дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет