3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.
3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға күмәндануға әбден болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.
Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.