«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Қазақ ағартушысы Ш. Уәлихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары



бет39/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

11. Қазақ ағартушысы Ш. Уәлихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары.
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушыларының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол жастайынан қазақ ақындарының өлең-жырлары мен шешендердің даналық сөздерін, данагөй билердің әңгімелерін тыңдап өсті. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі қонаққа келіп тұрған декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойындағы ғылымға, әдебиет пен өнерге, батыс демократиялық құндылықтарына деген құштарлықты күшейте түсті. Шоқан жастайынан халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол Омбы кадет корпусындағы алғашқы жылдан бастап шығыс тілдері саласындағы білімін елеулі түрде тереңдете түсті, қосымша ғылыми және көркем әдебиеттерді көп оқыды.
1822 жылы Орта жүзде хандық билік жойылып, қазақтардың мал жайылымдары тарыла бастаған кезде, Шоқан Уәлиханов округтік басқарудың енгізілуіне қатысты өзінің қарсы көзқарасын білдірді: «Біздің жерімізді округтер бойынша бөліп, жазғы және қысқы жайылымдарды атақты рулар мен адамдарға беру – малшаруашылығына кесірін тигізетін басты себептердің бірі ретінде есептелуі тиіс. Мұндай реформалар кедергі келтіретін зиянды, әрі халық үшін қасірет әкеледі».
Сондай-ақ ол Кіші жүздегі сайлау жүйесінің болмауын елеулі кемшілік ретінде көріп, жаңа басқару тәртібіне де қарсы шықты: «Орынбор дала басқармасының негізгі кемшілігі, ол орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шегара бастықтарының қалауымен тағайындауында». Ол реформаның прогрестік заңдылыққа сүйеніп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуын қолдады. Мысалы, «Сот реформасы туралы жазбалар» мақаласында: «Реформа оңтайлы, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды болады», – деп жазады. Сонымен қатар патша өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипатын ашық айтты: «Қисынсыз теорияға немесе өзге халықтың өміріне зорлықпен, ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апатқа душар етіп келді». Ғалым дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік әлеуеті туралы айтып, халықтың жарқын болашағына кәміл сенді: «Ресей империясының құрамына еніп отырған барлық бұратаналардың ішінде халқы санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың үлесіне тиеді».
Ғалым патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісіндегі кемшіліктерін сынға алып, билер сотының артықшылығы туралы былай деп жазады: «Орыс талапкері немесе жауапкері көптеген жағдайда орыстың тергеу орнынан гөрі, бидің сотын артық көреді… Билер сотының артықшылығы, ол істі некен-саяқ болмаса, жалғыз шешпейді; оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар». Демократиялық билер соты Ресейдің отаршыл сотынан әділдігімен ерекшеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет