«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Философия пәнінің негізгі бөлімдері мен оның атқаратын қызметтеріне талдау жасау, терминдерді, философтардың пікірін пайдалану



бет2/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Философия(сессия)

Философия пәнінің негізгі бөлімдері мен оның атқаратын қызметтеріне талдау жасау, терминдерді, философтардың пікірін пайдалану.

Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады:1.Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6.Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7.Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)

1. Онтология (гр. онтос – болмыс, логос – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.


Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.

2. Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс — әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология — бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.


Гносеология термині гректің «gnosis» — білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.

3. Антропология (көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше артһропос – адам, логос – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.


Антропология – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.

4. Аксиология (грек, ахіос — құнды, логос — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе тарихи мәдениеттануда анық байқалды. Мәдениет — адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық әлеуметтік тетігі, ал құндылық — норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады.



5. Этика (грек. етһос – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
6. Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды. Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.
7. Эстетика (көне грекше: αἰσθητικός – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл саласы әсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді. Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет