Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»



Дата07.05.2023
өлшемі65,13 Kb.
#90813

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [1].
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл прцесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады [4].

Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын оқу орнында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Оқу кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2].
Информатика пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, I курс студенттеріне Дербес компьютердің құрылғыларымен, олардың жұмыс жасау принциптерімен жете таныстырудан басталады. Бұл блокта оқушылар негізгі құрылғылармен қосымша құрылғылар жайлы жалпы ақпарат үлгілеріміне танысады. Оқушылардың компьютердің құрылғыларын түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Құрылғыларға қатысты тоқталатын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың да алар орны зор. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы құрылғының суретін көре отырып соған байланысты мәліметтерді таныстырып, осы құрылығының шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Жоғары топтадағы олардың ішкі және сыртқы бөліктерін толығымен қамтып, оларға оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, құрылғының жете түсінуін оқуға аптасына екі немесе үш сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.
Информатика сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды. Мәселен, сабақта олардың жасап шығарған ғалымдардың еңбегімен танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып бойынша терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл топты таныстыру мақсатында балалар сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп шығарады. Содан соң бұл фильмді сабақ үстінде топ назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады [3].
Информатика сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін оқытуда компьютерді пайдаланудың өз реті болады.Мысалы,
1. Информатика пәнін оқыту барысында бірнеше ақпараттарды қарастырып анықтап шығады.
2. Құрылғылардың түрі көрсетіліп, сол туралы толық мағлұмат беру.
3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады.
Информатика пәнінде жиі кездесетін термин сөздер мен сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын қатыстырып «Монитордың портреті», «Менің көршім» сияқты шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады.
Соңынан мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы информатика пәнін кеңінен меңгереді.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге информатика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.
1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
3. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [5] .
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет