«Философияның» дүниетаным және оның тарихи түрлеріне сипаттама беру


Антикалық философияның даму кезеңдерін сипаттаңыз



бет20/60
Дата19.10.2022
өлшемі227,25 Kb.
#44021
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Антикалық философияның даму кезеңдерін сипаттаңыз.

Антикалық философия (лат. Antiquitas «ежелгі») – бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ – Viғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы реализмдік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа элементін табуға тырысты. Олар «дүние қалай пайда болды», «неден жаралды», «ең бірінші не пайда болды», «бәрінің негізі не» деген секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды «натурфилософтар» деп те аталады, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра тұжырымдауға тырысты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. Соңы мен б.д. 3ғ. Басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Антика философиясының дәуірі б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырында аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз:
Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VІІ-V ғасырларды алып жатыр. Осы уақытта Милет мектебі пайда болған. Бұл мектептің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Сондай-ақ, бұл кезде философияда Эфес мектебі және Элей мектептері пайда болған. Эфес мектебінің өкілі Гераклит. Элей мектебінің өкілдері: Парменид, Ксенофан, Зенон. Пифагорлықтар мектебі. Оның өкілі Пифагор. Атомистік мектеп. Оның өкілдері: Демокрит, Эвклид.
Классикалық кезең (б.з.б. V-ІV ғасырларда). Бұл кездегі философиялық мектептер: Афиналық мектеп, Софистер мектебі, Мегар мектебі, Киникалық мектеп. Софистер: Протагор, Гипий. Афина мектебінің өкілдері: Сократ, Платон, Аристотель. Киникалық мектеп өкілдері: Антисфен, Диоген.
Эллинистік философия. (б.з.б. ІV-ІІ ғғ). Бұл кезеңде Перипатетикалық, Академиялық мектептер жалғастырылды. Сондай-ақ Эпикур мектебі, Стоицизм, Скептицизм (өкілі Перон), Эклектизм (өкілдері: Филон, Антиох) бағыттары дамыды.
Рим философиясы (б.з. V ғ.) Сенеканың стоицизм мектебі, Тит Лукреций Кардың эпикуреизм мектебі, Марк Пули, Цицеронның эклектиалық мектебі, неоплотонизм философиясы қалыптасты. Неоплотонизмнің өкілдері: Плотин, Прокл.
Дереккөздер: Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет