Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
Космоцентризм;
Теоцентризм;
Антропоцентризм;
Космоцентризм – Әлем, табиғатқұбылыстары-сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдеріне Ежелгі Грецияға тән).
Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға тән).