Сократ «ізгілік – басты құндылық» деген пікірді ұстанды. Ешқандай сыртқы себеп адамды ізгіліктен айыра алмайды. Сократ бұ дүниелік байлықты елең қылмады. Ол рухани дүниеге қатты қызықты. Сократ әрдайым өзін надан адаммын деп санады; ол ештеңе білмейтінін білгендіктен ғана басқалардан ақылдырақ болды. Бірақ Сократ білім іздеу басқа нәрсенің бәрінен әлдеқайда маңыздырақ және білім жинау жолы арқылы ғана адам ізгі және қайырымды бола алады деп есептеді. Ол сұрақ және жауап әдісін (бұл «диалектика» деген атаумен белгілі) қолдана отырып, жаңа білім іздеді. Сократ еске түсіру арқылы таным қалыптастыруға үйретті. Бұл ілім бойынша, біз өлмейтін жанымыздың бұрынғы өмірінде игергендерін есімізге түсіру арқылы білім жинаймыз.
2
Платон
б.з.д.
427 жыл -347 жыл
«Мемлекет», «Симпозиум».
Платонның ойынша, білім алған билеуші ұсақ адам болмайды. Керісінше, ондай билеуші мәңгі және бұлжымас ақиқаттарға сүйену арқылы қорқынышсыз әрекет ететін, өзіне сенімді саясаткер болар еді. Платон нақты дүние – мәңгілік, уақытпен шектелмеген, ал оның өзгермелілігін қабылдау иллюзия ғана деп сенді.
Ноумен (гр.noumenon ) - мәнге тек ақыл-ой арқылы ғана (ой-өріс) қол жеткізуге болатындығын білдіретін, феноменге кереғар термин.
Идеализм - идея, рух, сана объективті дүниенің бастауы, ал материя рухтың көрінісі, бейнесі деп білетін көзқарас.
Эйдос - Эйдос (гр.eidos - түр, бейне, үлгі) - объектінің ұйымдасу амалын белгілейтін антикалық философияның термині.
3
Аристотель
б.з.д.
384 жыл -322 жыл
«Метеороло́гика», «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар», «Алғашқы және кейінгі Аналитика».
Аристотель Платон іліміндегі әлсіз тұстардың бәрін өзінің универсалиялар теориясында түзету қажет деп шешті. Аристотель: «Жан – тәннің формасы», – дейді. Адамның жаны тәнге форма береді, оны киген тән өмір сүреді, тән солар үшін өмірлік мақсаттар қояды, оның міндетін анықтайды. Аристотель заттың формасы – оның мәні және алғашқы субстанциясы, ал универсалиялар маңызды емес деп тұжырымдайды.
Физика - табиғат туралы ілім. Бұл термин гректің табиғат дегенді білдіретін «physis» сөзінен шыққан. Бұл жағдайда «табиғат» даму және жетілу үдерісі ретінде қарастырылады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος «сөз», «сөйлем», - «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Эпикур философиясының негізгі идеясы адамның ақылға жүгініп, байыпты, тыныш өмір сүруіне бағытталған. Философ рақаттану сезіміне ерекше мән береді. Бұған адамның көңіліне ұнамды барлық рақат кіреді: дәм сезу, түйсіну, есту, көру және иіс сезу. Ең басты рақат – қарын рақаты. Ақыл-ой рақаты – екінші. Эпикурдің пікірінше, ең басты рухани ләззат – тән рақаты және сезім қуанышы.
Осы ұстанымның маңызды ерекшелігі – ауруды елемеу арқылы рақаттануға болады. Десек те ізгі адам – рақатқа ұмтылып, адамгершіліктен аттамау керек екенін айтады. Өзгелердің назарынан, шектеулі пікірінен қорықпай әрекет ету адамның әділдігін көрсетеді.
Эпикуреизм - Эпикур негізін қалаған, соның атымен аталған ежелгі гректік және римдік философиядағы материалистік бағыт.
5
Зенон
б.з.д.
336 жыл -
264 жыл
«Стоицизм».
Стоицизмнің Эпикур ілімінен айырмашылығы – тарихта оның түрлі нұсқалары болды; стоицизмнің аясында одан әртүрлі философиялық бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. Стоиктер ілімінің бастапқы формасы барынша өзгеріп отырды, осы өзгерістерді шектейтін қатаң шеңберлер де аса байқалмады. Стоицизмнің әртүрлі бағыттарының даму үдерістерін талқылау тарихын жеке тақырып қылуымызға болады. Біз үшін Зенон ілімінің негіздерін ғана қарастыру жеткілікті.
Стоицизм - гректің «stoa» сөзінен шыққан, ол «бастырма» (ғимаратқа кіреберістегі төбесі жабық алаң) дегенді білдіреді.
6
Акуинолық Томас
1225 жыл - 1274 жыл
«Теология суммасы», «Пұтқа табынушыларға қарсы сумма».
Акуинолық Томас сенім мен ақылдың түрлі өлшемдер екеніне сенімді болды. Ақиқат сенімнен туындаған жағдайда, ол – Құдіретті аянның сыйы. Ақыл ұғынған ақиқат та – Құдіретті аянның сыйы. Бірақ Акуинолық Томас адамның ақыл-ойы Құдіретті аян сәулесінің көмегінсіз де ұғына алады деп есептеді. Томастың ойынша, Құдай жанға жарығын түсіріп, нұрландырады. Тек осы жағдайда ғана жан мәңгілік ақиқаттарды өз ақылымен қабылдауға қабілетті. Осылайша Құдайдың жаратушы күшін, Құдайдың мәңгілігін және Құдіретті аянның көмегінсіз-ақ дәлелдеуге болады. Құдірет табиғатын адам сезім арқылы танып-біле алар еді.
Томизм - атоликтік философиядағы жетекші бағыт.
7
Рене Декарт
1596 жыл - 1650 жыл
«Дүние, немесе Жарық туралы трактат», «Әдіс туралы пайым», «Алғашқы философия туралы толғаныс», «Жан құмарлықтары туралы», «Пеш үстіндегі бір күн».
Декарт, қанша дегенмен, күмән туғызбайтын бір нәрсенің бар екенін ашық айтты. Мен мұнда отырмын және бәріне күмәнданамын. Егер мен күмәндансам, онда мен өмір сүріп отырмын деген сөз! «Мен ойлаймын, демек, мен бармын» («Je pense, donс je suis»). Француз тілінің ең әйгілі сөз тіркестерінің бірі бүкіл әлемге өзінің латын нұсқасында таныс: «Cogito, ergo sum». Адамның өмір сүруінің ақиқаттығын ашатын осы дәлел көбіне жай ғана «Cogito» деп айтылады.
Cogito - адамның өмір сүретінін дәлелдейтін талассыз іргелі факт.
Рефлекс - ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.
8
Джон Локк
1632 жыл - 1704 жыл
«Толеранттық туралы хаттар», «Адам түсінігі жөніндегі тәжірибе», «Басқару туралы екі трактат», «Тәрбие туралы кейбір ойлар», «Христиандық парасаты».
Локктың пікірінше, адамдардың бәрі ақыл-ой заңын өздері қалай түсінсе, солай түсіндіруге мәжбүр. Локк «өмірге, еркіндікке және жекеменшікке» табиғи құқықтар бар деп тұжырымдады. Бұл табиғи құқықтар әр адамға тиесілі.
Билік тармақтарын бөлу - демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу.
9
Шарль Луи де Монтескье
1689 жыл -1755 жыл
«Парсы хаттары», «Заңдар рухы», «Басқару туралы екі трактаты».
Монтескье абсолюттік монархияны деспотизм формаларының бірі деп есептеді. Ол өзі өмір сүрген дәуірдегі Францияны деспотизмі үшін айыптады. Француз деспотизмі король мен халық (заңды қолданушы) арасын байланыстырушы аралық билік құрылымдарын толығымен жойды. Осылайша құқықтың өзі жоғарғы биліктің еркіне теңбе-тең саналды. Ол Англияның құқық үстемдігіне, адамның жеке құқықтарын мойындауға және сақтауға негізделген сауатты монархия деңгейіне жеткеніне сенімді болды.
«Ақылды жетілдіру туралы трактат», «Этика», «Діни-саяси трактатты».
Спинозаның саяси ойы табиғи күйде заң болмады деп тұжырымдаған Гоббстың ықпалымен қалыптасты. Спиноза: «Заңға бағынбау туралы мәселе көтерудің өзі мүмкін емес еді, себебі табиғи күйде заңның өзі әлі болған жоқ, яғни дұрыс немесе бұрыс дегеннің болуы да мүмкін емес»,– деген. Спиноза монархтың бұрыс іске бармайтынына сенімді болды (бұл аздап түсініксіз, бірақ монарх, Спинозаның пікірі бойынша, қоршаған нақты дүниенің беталысы қандай болса, солай істеді) және шіркеу мемлекеттің бақылауында болуы тиіс деп есептеді.
11
Дэвид Юм
1711 жыл - 1776 жыл
«Адам табиғаты туралы трактатты», «Моральдық және саяси очерктер», «Адам танымы туралы зерттеу», «Мораль принциптері туралы зерттеу», «Саяси әңгімелер», «Табиғи дін туралы диалогтар», «Англия тарихы».
Юмнің түсінігі бойынша, абстрактілі немесе жалпы идеялар - шын мәнінде, өздеріне неғұрлым ауқымды мән беретін белгілі бір ұғымға жататын жеке идеялар.
Канттың пікірі бойынша, тәжірибенің өзі біздің кеңістік туралы түсінігіміздің бастауы емес; кеңістіктің бар екенін біз қоршаған дүниедегі, яғни санамыздан тысқары объектілерді зердемізбен ұғынған сайын сезінеміз. Кеңістік шегінің болмауын ұғыну біз үшін тіпті мүмкін еместей. Бұл жай абстрактілі идея ғана емес. Тек бір ғана тұтас кеңістік бар. Барлық басқа «кеңістіктер» сол тұтас кеңістіктің бөлшегі саналады, ешқандай да жеке кеңістік жоқ.
Априори (латынша apriori - алдыңғыдан) - ортағасырлық схоластар енгізген қандай да бір амалға, әрекетке тәуелсіз, олардан бұрын танылатын ұғым, түсінік мәнін білдіретін философиялық термин.
Императив - талап, бұйрық, заң; Канттың практикалық ақылды сынауымен байланысты. Императив жеке тұлғаның ұстанған ережелеріне қарсы жалпыға бірдей ережелер.
Рационализм - болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім.
13
Карл Маркс
1818 жыл - 1883 жыл
«Коммунистік партияның манифесі», «Капиталдың» бірінші томы»,
«Капитал».
Маркс диалектиканы табиғаттың қажетті заңы деп санады, ол тарихтың жүру бағытын анықтайды деп білді. Диалектика әлемге билік жүргізді. Маркстың көзқарастарына сәйкес адамдар тарих үдерісін өзгерте алмайды. Мұндай жағдайдағы ең жоғары моральдық құндылық – тарихтың сөзсіз жүріп отыратын үдерісінің алға жылжуын қабылдау және соған бойсұну.
Жатсыну - адамның басқа адамдардың тұлғасыздандырылған тобыры арасында өмір сүруінің мәнсіздігі сезімін сипаттау үшін қолданады.
14
Фридрих Ницше
1844 жыл - 1900 жыл
«Беймезгіл ойлар», «Көңілді ғылым», «Заратуштра осылай деген», «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында».
Ницшенің пікірінше, ізгілік пен зұлымдық – әуел бастан-ақ адамның белгілі іс-әрекеттерінің қоғамдық пайдасын немесе зиянын көрсететін тәсіл. Адамдар этикалық пайымдауларға қажетті осындай негіз туралы түсініктерінен айырылып қалды. Осы сәттен бастап олар ізгілік пен зұлымдық туралы абсолютті ұғымдар ретінде ойлай бастады.
Витгенштейннің пікірінше, «логикалық атомдар» одан да ұсақ, тәуелсіз бөлшектерге бөліне алмайды.
Лингвистикалық философия - көптеген, тіпті барлық философиялық мәселелердің шешілуі, не шешілмеуі тілге көңіл бөлу/бөлмеуге қатысты деп есептейтін, тілге реформа жасауды, немесе күнделік тілді тіпті де жақсы түсінуді дәріптейтін философиялық көзқарас.
Хайдеггердің айтуынша, біздің әрқайсысымыз әлеуметтік ортаға қамалғанбыз. Әлеуметтік орта – үстімізге кигізілген тыныштандырғыш жейдеге ұқсайды. Біздің ортамыз жастарды белгілі бір дайын үлгілер бойынша әрекет етуге, рұқсат етілген шеңберден шықпауға тәрбиелейді. Ол ақыр соңында Dasein болып шығады. Dasein өмір сүруінің әр тәсілі «дүниедегі-болмыс» деп аталады. Dasein – адам мен болмысты біртұтас етіп біріктіретін байланыстардың құрылымдық құрылысы. Негізгі экзистенциалдық құрылымдар – уақыт, ажал және үрей.
Dasein - Мартин Хайдеггердің өзге тілдерге аударылмайды деп саналатын термині. «Дазайн» деп оқылады және «болмыс», «осында-болмыс» мағынасында қолданылады.
17
Жан-Поль Сартр
1905 жыл -1980 жыл
«Жиіркеніш», «Дуал», «Болмыс және ештеңе», «Жағдаяттар», «Әдебиет деген не?», «Диалектикалық ақылға сын», «Сөздер», «Қамауда».
Сартр Құдай да жоқ, ешқандай әлемдік ой-ниет те жоқ деп жар салды. Ол өмір сүрудің бастауы сол бар болудың мағынасынан бұрын пайда болатын тек бір ғана жаратылыс бар екенін мәлімдеді. Ол жаратылыс – адам. Сартрдың пікірінше, экзистенция эссенциядан бұрын басталды. Әлемдегі барлық мақұлықтардың арасынан адам бірінші пайда болады, өзін кездестіреді, жарқ етіп жанады, сонан соң өзін анықтайды. Адамдар әзірге ештеңе емес, олар өздерін кейін жасайды, өздерін қандай етіп жасаса, сондай болып шығады. Бұл біздің нені және қалай танып-біле алатынымызды сынау емес. Бұл – адам болу дегеннің не екені туралы қатаң көзқарас және адам нені істеуі тиіс, нені істеуіне болады және кейін не болып шығады деген сұрақтар қояды. Бұл – «Біз қайдан білеміз?» – деген сұраққа назар аударатын философиялық дүниетанымның бөлігі емес.
Экзистенциализм - философиядағы шектен тыс жүйелеуге қайта-қайта қарсы шығып отыратын бүлікшілдік қозғалысы.
18
Жак Деррида
1930 жыл - 2004 жыл
«Жазу және айырмашылық», «Дауыс және феномен», «Грамматология туралы», «Философия өрістері», «Диссеминация», «Көркем суреттегі ақиқат», «Соқырдың мемуары», «Маркстің елестері».
Деррида сөйлеудің жазудан басымдығын терістегенде қандай да бір абсолютті ұғымын сынады. Сөйлеу де, жазу да – таңбалар. Олар пайдалы, себебі оларды қайта-қайта қолдануға болады; біз ақиқат, бастапқы қатысуға немесе мағынаға ешқашан жақындамаймыз. Яғни тіл – жартылай қатысу және жартылай қатыспау деп қорытындылауға болады.
Дифферанс - француз тілінде «difference» айырмашылықты, ұқсамауды білдіреді.