2. Жалпы қолданылатын реагенттер негізгі (базалық) ерітінділер Олар дайындауда, оның реалогиялық, сүзілімдік қасиеттерін реттеуде қолданылады. Оларға функциональдық қызметі әр түрлі реагенттер жатады.
Сутектік көрсеткіш реттеуші реагенттер - каустикалық сода(NаОН), эк тас Са(ОН)2, сілтілік (натрий карбонаты), қышқыл (натрийбикарбонаты) түдцары.
Құрылым құраушы коллоидтар - ерітіндіге тиксотропиялық қасиет беруші материалдар. Олар органикалық емес коллоидтар — саз балшықтар (бентонит, палыорскит, асбест), ал мұнай негізді ерітінділер үшін органикалық саз балшықтар мен битумдар.
Сүзілу көрсеткішін төмендеткіштер - ерітінділердің өткізгіш қабаттардан сүзіліп өту барысында дисперстік фазаның бөлінуін төмендетуші химиялық реагенттер мен материалдар. Сүзілу көрсеткішін төмендеткіштер ретінде органикалық және органикалық емес реагенттер қолданылады. Олар: а) гуматты реагенттер- көмір сілтілі реагент (КСР), торф сілтілі реагент (ТСР); б) лигносульфонаттар- конденсацияланған сульфитті спиртті барда (КССБ,), сульфитті спиртті барда (ССБ); в) полисахариттер - крахмал, декстрин, целлюлоза, целлюлоза эфирлері карбоксиметилцеллюлоза (КМЦ), оксиэтиленцеллюлоза (ОЭЦ); г) акрил полимерлері -гидролизделінген полиакрилгитрил (гипан, К-4), полиакриламид (РС-2), метакриламид және метакрил қышқылдарының сополимерлері (метас), метилметакриламид және метакрил қышқылдары (М-14).
Сұйылткыштар - ерітінді құрылым беріктігін, тиксотропиясын төмендетуші және жылжымалылығын жоғарылатушы химиялық реагенттер. Сұйылткыштар ретінде жаратылысы органикалық және органикалық емес реагенттер қолданылады. Олар құрьшымы бойынша төмендегідей топтарға бөлінеді: а) органикалық реагенттер - гуматтар (КСР, ТСР), лигнин туындылары - нитролигнин, лигносульфонаттар мен олардың туындылары (кальций лигносульфонаты, феррохром лигносульфонаты ФХЛС), хромлиносульфонат - окзил, КССБ, орманхимиялық полифенол ФХЛС; б) органикалық емес реагенттер - хром фосфаттары- натрийгексаметафосфаты (NаРО3), тринатрийфосфат - Nа3РО3, натрийтриполифосфаты- Nа5РО10.
Арнайы қолданылатын реагенттер мен материалдар ерітінділерге арнайы қасиеттер (майлау, ингибрлеу, бытырату) беру немесе олардағы кейбір кемшіліктерді жою және жалпы қолданылатын реагештердің тиімділігін жоғарылату қызметін атқарады. Оларға жататындар:
1) саз балшықтар мен сланцтер ингибиторлары-саз балшықты тау жыныстарындағы гидратация, бөрту, дезинтеграцияны тоқтатушыреагенттер. Олар: органикалық емес электролиттер- эк тас, хлорлы кальций, гипс, натрий, калий хлор тұздары, натрий силикаты. Бұл қоспалар жоғары молекулалы полимерлермен (КМЦ, акрил полимерлері) өте жақсы әсер етеді.
температура тұрақгандырғыш қоспалар - бұрғылау ерітінділерінің қоюлануьш тоқтатушы, жылжымалылығьш өсіруші және сұйылтқыштардың жоғары температурада әсер етуін жақсартушы реагенттер. Мұндай реагенттер ретінде хромның аниондық қоспалары (хромат, бихромат), натрий, калий хром қоспалары (Nа2СrО4,К2СrО4) қолданылады.
майлауыш қоспалар-бұрғылау аспаптарындағы үйкелу коэффициентін төмендетеді және бұрғылау ерітінділерінің майлау қасиетін жоғарылатады. Ол үшін мұнай, графит және тотықтандырылған петролатум СМАД-1, өсімдік майларын өндеуде алынатын гудрон қолданылады.
4) беттік активті заттар (БАЗ) - сұйық-сұйық, сұйық- газ, сұйық- қатты денелердегі фазалық бөліну шегіндегі беттік тартылу күштерін төмендетуші заттар. Оларды өнімді қабаттарды сапалы ашу мақсатында қолданады. Оларға суда ерігіш иондық БАЗ - сульфонол, ионогенді емес ОП-10, УФЭ-8 реагенттері жатады.
эмульгаторлар - араласпайтын екі сұйықган біртекті қоспа құрау қызметін атқарады. Эмульгаторлардың негізгі қолданылатын жерлері, эмульсиялық ерітінділер. КСР, КССБ, М-14, саз балшық фазалары тура эмульсияларда жақсы эмульгаторлар болып саналады. Сонымен қатар БАЗ сульфонол, ОП-10 реагенттері де эмульгатор.
көбік сөндіргіштер - КССБ, СБД, нитролигнин, окзил, ФХЛС сияқты кейбір ерітінділерді көбіктендіретін реагенттерден болатын көбіктерді жою және болдырмау мақсатында қолданылады. Олар сивуха (тазартылмаған) майы, соапсток, кальцийлі мылонафт, синтетикалық майлы спирттер, дизелдік жанармайдағы резеңке немесе полиэтилен үгінділері.
антисептиктер (бактерицидтер) -реагештердің ферментативті ыдырауын тоқтату үшін қолданылатын қоспалар. Ол үшін жаратылысы органикалық емес (каустикалық сода, эк тас, натрий хлор тұздары) және органикалық (формальдегид, фенол, параформальдегид) қолданылады.
кальций, магний иондарын байланыстырушы реагенттер - бұрғылау ерітінділерін поливалентті катиондармен сыйыспайтын реагенттермен өндеу кезіндегі, ангидрит, гипс, магний және басқа да тұздармен ластанудан сақтандырады. Бұндай реагенттер ретінде поливалентті катиондармен еритін немесе нашар еритін қоспалар құрайтын органикалық емес тұздар, негіздер қолданылады (кальцийленген сода, натрий карбонаты, натрий бикарбонаты, полифосфаттар мен каустикалық сода).
коррозия ингибиторлары - бұрғылау аспаптарын коррозиядан сақтандырушы немесе бәсеңдетуші заттар. Ол үшін органикалық реагенттер: негіздер (эк тас), каустикалық сода немесе трдар (натрий сульфаты, циник карбонаты, ал трдардан қанықтырылған ерітінділерден натрий хроматы ) қолданылады.
көбік құрауыштар-суда көбік құраушы БАЗ. Көбік құрауыштар ретінде майлы қышқылдар (пальмативтік, стеариндік) және олардың сілтілік трдары қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар сульфонол және басқа да БАЗ қолданылады.
күкіртті сутегін (Н2S) байланыстырушы реагенттер- цинк карбонаты (ZnСО3), темір ауырлатқыштар, сілтілік қоспалар (каустиклық сода), хлорлы темір (ҒеСl2), темір суригі (ЖС-7), магнетит (ҒеО4), ВНИИБТ (витамин өндірісінің қалдықтары) сияқты реагенттер.
флокулянттар- қатты бөлшектердің ыдырап тұнбаға түсуіне әсер етуші полимерлік заттар. Флокулянттар ретінде полиакриламид, метас, М-14 және басқа да реагенттер қолданылады.
тығындауыш материалдар — бұрғылау ерітінділерінің өткізгіштігі жоғары, жарықшақ, кеуекті қабаттарға жұтылуын тоқтату үшін қолданылады. Ол үшін әр түрлі материалдар (ағаш үгінділері, күнбағыс қауыздары, ұсақгалған ағаш қабықтары синтетикалық және жануарлар талшықтары), карбонатты слюда, целлофан, түйіршек материалдар (жаңғақ қауыздары, резеңке үгінділері, асфальт т. б.) қолданылады.