Булатов А.И., Пеньков А.И., Проселков Ю.М. Справочник по промывке скважин. - М.: Недра, 1984.
Ивановский В.Н. и др. Оборудование для добычи нефти и гача. - М: РГУ нефти и газа им.И.М.Губкина, 2002.
9 дәріс. Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітінділері.Газдар және газды-сұйықтық агенттер. Бұрғылау ерітіндісін газ бен шламнан тазарту. Тампондау материалдары. Тампондау ерітінділері мен тасының қасиеттері
1. Қазіргі кезде химиялық реагенттер Қазіргі кезде химиялық реагенттерді әр түрлі топтау түрлері қолданылады. Оларды көбінесе қолданылуы, химиялық құрамы, еруі, түзға және температураға төзімділігі бойынша топтайды.
Химиялық реагенттерді топтау күрделілігі, олардың әр түрлі ортада және жағдайлардағы қасиеттерінің біржақты еместігінде. Кейбір реагенттердің әсері саз балшық түріне, түздану дэрежесіне, құрамы мен температураға байланысты, Мысалы, тұңғы ерітінділерде құрылым құраушы реагенттер минералды орталарда сүйылтқыш немесе сүзілу көрсеткішін жоғарылатуы мүмкін. Көптеген реагенттер әр түрлі қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, сүзілу көрсеткішін төмендетуші реагенттер, жуу сұйықтарын сүйылта да алады. Әрі сүзілу көрсеткішін төмендетупгі реагенттер ішінде жуу сүйығын қоюлататындары да кездеседі. Кез келген реагентгің тиімді әсер етуі оның көлемдік мөлшеріне байланысты болады.
Сонымен химиялық реагенттерді құрамы мен атқаратын қызметтеріне қарай екі топқа бөлуге болады (82-сурет).
Атқаратын қызметтеріне қарай химиялық реагенттер мен материалдарды жалпы қолданылатын және арнайы қолданылатын деп екіге бөлуге болады.