Ғимараттар жалпы құрылыс монтаж жұмыстары Мысыр Мирас Қайратұлы


Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау



бет9/10
Дата15.12.2023
өлшемі22,35 Kb.
#138435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3.2 Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін анықтау
Құрылыс өнімдерінің көлемін экономика саласы ретінде анықтау үшін, тек жаңа құрылыс, жаңарту және ұлғайту бойынша өндірілген құрылыс жұмыстарының көлемін ғана емес, сондай-ақ кейінгі өндірілген капиталдық салымдар негізгі құралдар құнын ұлғайтатын болғандықтан ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу көлемін де есепке алу қажет. Сондықтан жалпы өнім шығарылымының бір құрамы оның ресурстарын орнына келтіру мақсатында қажет болған жағдайда конструкторлық элементтер және инженерлік жабдықтар жүйесін ауыстыру мердігерлік және шаруашылық әдіспен өндірілетін жұмыс көлемімен анықталатын ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі болып табылады.
Объектінің құнын қымбаттатпайтын жөндеу жұмыстары, яғни ұлттық шоттар жүйесінің анықтамаларына сәйкес ғимараттар мен имараттардың ағымдағы жөндеулері құрылыстың жалпы шығарылымы көрсеткіштерінің құрамына қосуға жатпайды.
Ірі және орта кәсіпорындар (v3) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемінің деректері құрылыс ұйымы орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы айлық статистикалық байқау деректерінен қалыптасады.
Шағын кәсіпорындар (v2) мердігерлік әдіспен орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстарының көлемі бойынша ақпараттық негізі тоқсандық кезеңдегі құрылыс ұйымдарымен орындалған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқауы болып табылады. Шағын кәсіпорындар орындаған күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың көлемін ай сайын есептеу үшін жаңа құрылыста жұмыс көлемін есептеу қолданылады.
Шаруашылық әдіспен (Vкрх) орындалатын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің көрсеткіштері және жеке тұрғын үй құрылысы (Vкри) бойынша орындалған жұмыстар көлемі инвестициялық қызмет бойынша және жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген объектілер туралы статистикалық байқау деректерінен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет