Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру – жекелеген өндірістердің, цехтар мен учаскелердің техникалық-экономикалық деңгейіне озық техника мен технологияны енгізу және өндірісті автоматтандыру, ескірген және тозған жабдықтарды жаңа, бұрынғыдан өнімдірегімен айырбастау негізінде арттыру, сондай-ақ жалпы зауыттық шаруашылық пен қосалқы қызметтерді жетілдіру жөніндегі шаралар кешені. Жаңа құрылыс –негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы қайта құрылған кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін өз бетінше баланста болатын филиалдар және жекелеген өндірістер объектілерінің кешенін тұрғызу. Негізгі қорларды жоюдан болатын шығындар –ғимараттар мен имараттарды, жабдықтарды және т.б. бұзу бойынша шығындар.Құрылыстың шаруашылық әдісі–құрылыс салушы немесе инвестордың өз күшімен жүзеге асыратын құрылыс салу әдісі. Құрылыс салуға 5 қаражаты бар ұйым, кәсіпорын немесе мекеме, өзінің мұқтажына қажет құрылыс-монтаж жұмысын мердігерлік ұйымның қатысынсыз өз күшімен орындайды.