1.Балық қорғаудың негізгі əдістерін атаңыз.
❖
сору жүйесінде тор орнату;
❖
торкөзді сүзгімен қапталған балық
қорғау қондырғылары
❖
жазық торлы құрылғылар
❖
сорап станциясының сору жүйесін балығы аз қашықтыққа дейін
созып, оның басына қолшатыр сияқты қорғау құралын орнату
❖
гидравликалық немесе пневматикалық əдістерін қолданып, суды кері
қарай шапшытып, жоғарғы қысыммен ауа беріп, суды қөпірту.
2. Торкөзді сүзгімен қапталған балық қорғау қондырғыларының
ерекшелігі.
Олар - балықты сорап станциясының сору құбырына жібермеудің оңды
конструктивтік шешімдер. Келтірілген
төрт
вариантта (а,б,в,г) да
торкөзді тік
орналасқан экрандар жер жағдайына, балықтар санына
байланысты əртүрлі етіп орналастырылады. Сүзгіден өтпеген балықтар
арнайы каналдар
арқылы өзенге, оның ағысы бойымен, қайта түседі.
3. Жазық торлы балық қорғау құрылымы
қандай
жағдайда
қолданылады?
Балық қорғау құрылғыларының
келесі бір түрі – жазық торлы
құрылғылар.
Олар
көтерме
конструкциядан,беттік
тор,
тазалау
құралы,
көтергіш-тасымалдау механизмінен тұрады.
Көтерме конструкция жазық тордың барлық элементтерінің орналасу
тəртібін реттейді. Оның массивті алаңының биіктігі судың максималды
пайдалану деңгейінен аспауы керек.