психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарлар-ларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің басын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады. Әскери психологиясы — әскери әрекеттер кезендегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасында-ғы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Спорт психологиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағы-нушылардың өзара қарым қатынасын, оларды даялаудың жағдайын, құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық дярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психоло-гиялық факторларын зерттейді. әрбір ел мен халықтың спорт өнерін-дегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндетте-рі анықталады. Даму психологиясы — әр адамның жасына байланысты психика-лық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерт-тейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен іргелі