Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттей-ді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық- әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамында жалпы бұқаралық байла- ныстар:радио, теледидар, баспасөз, және т.б. кіреді. әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар көпшілікке тән тағамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психоло- гиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психо-логиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтарда-ғы психологиялық-жағдайлары жайлы мәселелер.
Басқару психологиясы - адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру басшылық ету ретінде қарастырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеу-меттік- психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады