Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет36/52
Дата07.01.2022
өлшемі291,55 Kb.
#18518
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
С 89 С лтан азина Г. Ж. Регионалды флористика

Қажетті материалдар: шалғынды жердің өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап

Әдебиеттер тізімі: 6, 50-56.бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Көгалдық-шалғындық жерлерде кездесетін мезофиттік өсімдіктер

2 көп жылдық қияқ тұқымдастардың өкілдері


4 тақырып Дала өсімдіктері

Мақсаты:

- дала өсімдіктерінін есу ортасымен танысу

- дала өсімдіктерінің биоморфологиялык ерекшеліктеріне сипаттама беру
Жалпы түсінік

Даланың өзіне тән айрықша белгілері: ормандары жоқ, жері жазық, өсімдіктер бірлестігінде көпжылдық өсімдіктер басым келеді, көпшілігі ксерофиттер мен мезоксерофиттер. Олардың вегетациялық дәуірінде жаздық үзіліс болады, ал кейбіреулері үзіліссіз, бүкіл жаз бойына өсіп дамиды, және бұлардың ксерофиттік белгілері басым болады.

Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктер бірлестігінің негізін шым түзуші (дерновинные) астық тұқымдастар одан кейінгі орында қосжарнақтылар (кіндік тамырлы, тамыр атпалы, тамыр сабакты) және бір жылдық шөптектес өсімдікгер құрайды.

Дала жағдайларында өсімдіктер үшін негізгі шектеуші фактор - ылғалдың, әсіресе жазда, қарқынды булануынан судың жетіспеушілігі. Сондықтан далалық ксерофиттердің сыртқы пішіні және олардын құрылысы, бәрінен бұрын су балансын (тепе-теңдігін) сақтауға бағытталған; бұл әр түрлі жолмен іске асады; кейбір өсімдіктер (бұршақ тұқымдастар) ылғалдың қажетті мөлшерін топырақтың терең қабатына созатын кіндік тамырлары арқылы алады; екіншілері топырақтың жоғарғы қабатында жақсы тармақтанған жанама тамырлардың көмегімен алады (крест гүлділердің өкілдері); үшіншілері ылғал жетіспеген жағдайда жапырақтары тілімденіп уақ бөлшектерге бөлінуінің арқасында судың булануын азайтады (таспашөп, жусан, мыңжапырақ, қызылбояу, жебіршөп т.б.); ал төртіншілерінің жапырақтары және өркендері түктермен жабылған (таспашөп, жусан, мыңжапырақ, аюқұлақ, қайызғақшөп, қоңыраугүл, андыз, қазтабан т.б.); кейбір түрлер суды денесінде жинайды (бозкілем, қоян от т.б.); жапырақтары тік, меридиональдық жазықтықта орналасқан түрлерде болады (қалампыр, сүтжапырақ т.б.); ал кейбір астық тұқымдастардың жапырақтарының шиыршықтанып, түтікше болып оралып қалуға қабілетгілігінің арқасында, яғни, жапырақтарының үстіңгі бетіндегі устьица аппараттарының қалқаланып қалуы себебінен, судың булануы азаяды (селеу); хош иісті өсімдіктерден бөлініп шығатын эфир майлары олардың үстерінен бұлт жасап судың қатты булануынан сақтайды (жебіршөп, жусан, киікоты, жалбыз т.б.).

Дала жағдайында әр түрлі өсімдіктер бірлестігінің қалыптасуына рельефтің де (жер бедерінің) тигізетін әсері бар. Мысалы, жер бедерінің қар суы жиналатын шамалы жағымсыз элементтерін (табақша тәрізді шұңкырлар мен көтеріңкі төмпешік жерлер) қайын мен көктеректперден тұратын шоқ-шоқ ормандар алып жатады. Мұндай ормандардың маңында флораның түрлік байлығына және өсімдіктер формасының әр түрлілігіне әсер ететін мезофиттер бясым болады. Орман маңындағы өсімдіктер бірлестігінің қалыптасуын бұталар (бадам, талбұршақ, қараған, тобылғы, т.б.), жартылай бұташықтар (жебіршөп), көпжылдық астық тұқымдастар (шым түзетін: бетеге, селеу, т.б.), тамыр сабақтылар (бидайық, қазтабан мен бөденешөптің кейбір түрлері), түйнектілер (түйнекті қозықұлақ), тамырсабақты-шымдықтар (қияқтар. Қоңырбас), жуашықтылар (қазжуа), Шөп тектестер, эфемерлер, мүктер және қыналар қатынасады.

Дала өсімдіктер бірлестігінің өзгергіштігі вегетациялык кезеңдері сәйкес келмейтін әр түрлі түрлермен тіршілік формаларына байланысты болады. Бұл жерде ерте көктемде, қар кетісімен, топырақ пен ауаның температурасы онша көтерілмеген кезде, көктемгі ылғалды пайдаланып, жазғы құрғақшылық кезең басталғанша, вегетациялық дәуірі қысқа мерзім ішінде аяқталатын эфемерлер (шытыр-бурачок; әжік-крупка) және эфемероидтар (қызғалдақ, жанаргүл, желайдар, т.б.) өсіп дамиды.

Жазда, әр түрлі мерзімде, қуаңшылыққа төзімді ксерофиттік өсімдіктер өсіп-өніп, гүлдейді. Мысалы, жаздың басында бәйшешек пен құндызшөп, ал жаздың аяғында сырғақ чемерица т.б. өсіп-өніп гүлдейді. Жаздың ортасында ыстық және құрғақшылық кезең басталуына байланысты көпшілік өсімдіктердің вегетациясында үзіліс болып олардың жер бетіндегі мүшелері жартылай қурап түсіп қалады.

Күздегі жаңбырлардан кейін дала қайтадан жанданып өсімдіктердің көпшілігінде жаңа өркендер пайда болып өсе бастайды. Жоғарғы аталған өсімдіктерден басқа қаңбақ тәріздес өсімдіктерге де назар аудару қажет. Олардың жазық далаға бейімделу ерекшелігі терең. Бұлардың тұқымдарыньң таралу әдісінде, олардың пішіндері шар тәрізді, сабақтары бұтақты болады. Күздігүні тұқымдары піскен кезде бұл өсімдіктер түбінен үзіліп кетеді немесе оларды жел жұлып әкетеді; жер беті мүшесінің жеңіл болуының салдарынан олар бүкіл даланы шарлап домаланады да, тұқымдары барлық жерге шашылып қалады.



Жұмыс барысы:

1 Дала өсімдіктерінің өсу ортасымен танысып,олардың биоморфологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

2 Кеппешөп даналарынан басымырақ кездесетін дала өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама беру, өсімдіктердің тізімін жасап, түрлерін

анықтау.


3 Гүлдену кезеңі бойынша ерте және жаздың аяғынада гүлдейтін дала өсімдіктеріне биоморфояогиялық сипаттама беру.

4 Вегетациялық дәуірі ұзақ, басымырақ кездесетін көпжылдық өсімдіктердің гүлдерінің, гүл шоқтарының құрылысымен танысып, гүлдерінің формуласын

жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет