Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет7/52
Дата07.01.2022
өлшемі291,55 Kb.
#18518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Байланысты:
С 89 С лтан азина Г. Ж. Регионалды флористика

Әдебиеттер тізімі: 1,19 -32 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 Клементс фитоценоздың қалыптасуында қандай фазаларды ажыратады?

2 Фитоценоздардың компоненттерін атаңыз?


6 тақырып Фитоценоздың құрамы

Мақсаты:

- өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі туралы мәлімет беру

- өсімдіктердің бір-біріне әсерлерін салыстыру

Жоспар:

1 Фитоценоздың флоралық құрамы және оны зерттеу әдістері

2 Флоралық байлығы

3 Фитоценоздың экобиоморфтық құрамы


1 Белгілі бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасымен жалпы танысып қана қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация /латын сөзі association – қосылу, қосылған/ - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам – фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге қауым құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар, бактериялар және актиномицеттер кіретінінде ескерген жөн.

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды бір-бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын, флоралық байлығы және флоралық толықтығын білу өте қажет.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты, коршаған ортаға өзінің белгілі әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде калыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады. Егер де өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі немесе жер астындағы мүшелері арқылы тұтасып байланысқан болса ондай учаскелерді өсімдіктер қауымы (фитоценоз) деп санау қабылданған.

Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұрғыдан (Миркин, Розенберг, 1978) қарауға болады:

1) бір-біріне әсер ету жолдары;

2) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуін көрсететін нәтижелері;

3) өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің онтогенез процсінде өзгеру

ерекшелігі.

Фитоценоздағы бір-біріне әсер ету жолдары.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын

В.Н.Сукачев (1954) жасады.

Фитоценозда бірге өмір сүрстін өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің негізгі үш формасы бар:

1) тікелей немесе түйіскен (контактные);

2) трансабиотикалық немесе жанама орта арқылы:

3) трансбиотикалық.

Өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификациясы.

Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г.Кларк (Воронин бойынша, 1973) ұсынды.

Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы олар бір-бірімен түйіскенде немесе белгілі бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым-қатынастар өмір бойы тұрақты немесе қысқа, уакытша болуы мүмкін.

Егер бір-бірімен түйіскен әр түрлі түрлерге жататын организмдердің қарым-қатынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда әкелсе, ал екіншісіне ешқандай зиян болмайтын болса оны біз симбиоз деп атаймыз. Егер симбиоз екі организмге де пайда әкелетін болса оны мутуализм, ал тек біреуіне пайда әкелетін болса - комменсализм деп атаймыз.

Егер әр түрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе (мысалы, екінші организмге зиянды зат бөліп шығаруы арқылы) және өзі ешқандай пайда көрмесе оны антибиоз деп айтамыз.

Б.М.Миркин, Г.С. Розенберг (1978) өсімдіктердің бір-біріне әсерін және оның онтогенез процесі кезінде өзгеруінін мынадай классификациясын береді:

А) бейтараптық-антибиоз;

Б) бейтараптық-антибиоз-антогонизм;

В) симбиоз-бейтараптық-антибиоз;

Г) симбиоз-бейтараптык-антибиоз-антогонизм тағы с.с.

Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особьтары арасында, ал антогонизм мен антибиоз жасы ұлғайған особьтары арасында су және минералды тұздар үшін бэсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым-қатынаска антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым-қатынастар жатады.

2 Флоралық байлық дегеніміз белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар /қыналар, мүктер, папоротниктер, жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар/бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.

Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады: жай флоралы фитоценоз – бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.

Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты /мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдіктердің өмір сүруі нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне тағы с.с./. Тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне ең бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.

Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде-бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі.

Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз /Раменский, 1925/. Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын өсімдіктердің мөлшеріне, үлкен-кішілігіне /ағаш өсімдіктері үшін үлкен, шөптесін өсімдіктер үшін кіші/, олардың өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының біркелкілігіне және тіршілік ететін жағдайының бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан берілген қауымның флоралық байлығын табу ауданын алдын ала есептеп шығаруға болмайды. Оны тек қана мөлшері бірте-бірте ұлғая беретін сынау аудандарының сериясын салу тәжірибесі негізінде есептеп шығаруға болады. Мысалы, 1, 4, 16, 25, 36, 64, 100, 400, 1000 м2 сынау аудандары. Олардың әрқайсысында кездесетін түрлерді қайта санау керек. Жоғарыда айтылғандай осы аудандардың ішіндегі қауымда өсетін өсімдіктер түрлерінің бәрі немесе 90% кездесетін ең аз аудан мөлшері флоралық байлықты табу ауданы деп аталады.

Қауымның немесе ассоциацияның флоралық байлығын табу ауданның ассоциацияны анықтау ауданымен шатастырмау керек. Ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз ассоциацияның барлық негізгі белгілері /флоралық құрамы, құрылысы тағы с.с./ айқындалатын ең аз аудан /Раменский, 1925/.

3 Экобиоморфа (экоморфа жэне биоморфадан: Быков: 1988) - белгілі бір сырткы және биоценотикалық ортаның жағдайында табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмдері және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушылық ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. Түрлердің және формалардың ұқсастығы олардың жақындығымен (туыстығымен), ал оданда жиірек адаптациялық конвергенциясымен қамтамасыз етіледі. Сонын салдарынан бір экобиоморфаға жататын түрлердің популяциялары биоценоздың құрылысын түзуде бір бағытта ұқсас қызметтер атқарады (заттар және энергия тасымалдауда, биоценотикалық ортаны жасауда тағы с.с). Экобиоморфа - бұл биоморфа және экоморфаның бірлігі. Көбінесе биоморфа (гректің bios-өмір және morphe-форма) түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына мысалы, қыналар, мүктер, плаундар, папоротниктер жатады. Күрделі жоғары сатылағы/өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, бетіндегі өсімдіктер үшін ең алдымен бұл ылғалдылық. Ылғалдылыққа қатысы жөнінде өсімдіктер мысалы, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер болып бөлінеді. Сол сияқты жылуға, сортандыққа және субстратқа қатысты да өсімдіктер тіршілік формаларына бөлінеді.

Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтарға жататын түрлерден тұрады. Бұл фитоценоздың құрылуының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Фитоценоздардын экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Өйткені орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар және балдырлар кіреді. Сонымен бірге көптеген орман типтерінде жоғарыда аты аталған тіршілік формаларының әркайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұралы (мәңгі жасыл қылканжапырақтылар, жапырағы түсетін ағаштар және тағы с.с.)-

Шөптесін фитоценоздарды (шабындық, дала және тағы с.с.) алсақ олардың да экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады.

Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырынын тереңдігіне, көбею жолына, маусымдық вегетациясының ритміне қарай бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Олар өскен ортасының ылғалдылығына. сортандығына және тағы с.с. байланысты әр түрлі болып келеді.

Кейде өсімдіктер қауымының құрамына фитоценоздардың әр түрлі типтеріне сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді. Мысалы, шабындықта -шабындыққа, орманға және далага тән өсімдік түрлері кездеседі. Бұл ортаның біркелкі еместігіне ғана емес сонымен қатар кейбір өсімдік түрлерінің бұл 1 жерде бұрын болған өсімдіктерден қалған қалдықтар (реликт) екендігіне де байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет