Физ-хим 4-билет Технологиядағы тозудың механикалық түрлерінің пайда болуын атаңыз


Процесс статикасы дегеніміз не. Мысал келтіріңіз



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі12,05 Kb.
#138025
1   2   3
Байланысты:
Физ-хим 4-билет Технологиядағы тозудың механикалық түрлерінің па-emirsaba.org (1)

Процесс статикасы дегеніміз не. Мысал келтіріңіз.

Процесс статикасы дегеніміз тепе-теңдік жағдайлары жөніндегі мәселелерді

қарастыру. Осының негізінде процестің бағыты мен жүргізу жағдайларының шегі


анықталады.
Ылғалды материал құрамындағы ылғалды буландыру арқылы қоршаған ортаға
береді. Ылғалды материалды қоршайтын орта – ылғалды ауа. Сондықтан кептіру
процесі жүру үшін кептіретін материал бетіндегі ылғал буының қысымы ауадағы
су буының парциалды қысымынан жоғары болуы қажет. Яғни кептіру процесі
жүру үшін мына теңсіздік Рм > Рбу орындалуы қажет. Бұл екі қысым тепе-теңдікке
келген жағдайда кептіру процесі аяқталады. Осы жағдайдағы материал ылғалдылығы тепе-теңдіктегі ылғалдылық деп аталады. Тепе-теңдік ылғалдылығы
кептіретін материалдың қасиеттерімен, материалдың ылғалмен байланыс
түрімен, қоршаған ортаның параметрлерімен айқындалады.

6-билет


    1. Кептіру статикасының ылғалдылыққа байланысты үш түрін атаңыз.

Академик П.А. Ребиндер теориясы бойынша материалдың ылғалмен

байланысының үш түрі болады: 1) химиялық, 2) физика-химиялық, 3) физикамеханикалық.


Химиялық байланысқан су гидраттанған немесе кристалданған су деп аталады.
Кептіру арқылы ондай су жойылмайды.
Физика-химиялық байланысқан су материалмен белгілі бір қатынаста
байланыспаған. Алайда бұлай байланысқан су кептіру процесінде физикамеханикалық байланысқан ылғалдылыққа қарағанда қиынырақ кетеді.
Физика-механикалық байланысқан су материалмен ретсіз қатынаста байланысады.
Мұндай байланыстың түріне құрылымдық байланыс, капиллярлы байланыс және
материал бетіне судың жұғуы жатады. Физика-механикалық байланысқан суды
кептіру арқылы материалдан оңай кетіруге болады.


    1. Вакуумдық кептіру дегеніміз не.

Жоғары температураға тұрақсыз материалдарды кептіру үшін вакуум қолданып,

кептіруді төменгі температурада жүргізеді. Атмосфералық қысым жағдайында


кептіруден вакуум қолданып кептірудің біршама артықшылықтары бар. Вакуумдық кептіру жылдамырақ жүреді. Себебі қысым төмендеген сайын материал бетіндегі және қоршаған ортадағы су буы қысымдарының айырымы артып, процестің қозғаушы күші жоғарылайды. Вакуумдық кептіру арқылы материалдан ылғалды толығымен буландыруға болады, ал атмосфералық қысымда материал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және температурамен анықталатын тепе-теңдік күйге дейін ғана кептіріледі. Сонымен бірге вакуумдық кептіру жағдайында қоршаған ортаға улы газдардың таралуына жол берілмейді.
Вакуум қолданып кептіруді жүргізу үшін кептіретін материалды берік жабылатын
камераға орналастырады. Камерадан насос көмегімен ауа ылғал буымен бірге
сорылып алынады.
Вакуумдық кептіру процесі – термодиффузиялық процесс. Вакуум қолданып
кептіру процесінде бір мезгілде күрделі процестер: қайнау, булану, ылғалды
материалдың саңылаулары мен капиллярларында конденсация процесінің жүруі,сонымен бірге орнықпаған жылу берілу процесі жүретіндіктен бұл процесті
математикалық өрнектеу қиын.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет