Физ-хим 4-билет Технологиядағы тозудың механикалық түрлерінің пайда болуын атаңыз


Газдарды кептіру процессі туралы толық ақпарат беріңіз. Мысал келтіріңіз



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі12,05 Kb.
#138025
1   2   3
Байланысты:
Физ-хим 4-билет Технологиядағы тозудың механикалық түрлерінің па-emirsaba.org (1)

Газдарды кептіру процессі туралы толық ақпарат беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Жанғыш газдарды құбыр бойымен тасымалдағанда, көп компонентті газдарды

терең салқындатып фракцияларға бөлу үшін, газдардан су буын кетіру қажет. Газдарды тасымалдауда қалыпты температура жағдайында газ сумен комплексті


қосылыстар түзеді, ал парафинді көмірсутектердің комплексті қосылыстары тұнбаға
түсіп, құбырды бітеп тастайды. Сондықтан газдарды тасымалдау алдында оларды
кептіру қажет. Газдарды құрғату физика-химиялық (абсорбциялық пен адсорбциялық) және физикалық әдістермен жүргізіледі.
Абсорбциялық әдісте су буы төмен қысымды ерітінділерді қолданып, газ құрамындағы ылғалды сору арқылы газдарды кептіреді. Сұйық абсорберлер ретінде глицерин, диэтиленгликоль, кальций хлориді ерітінділері қолданылады.
Адсорбциялық әдісте қатты адсорбенттерді қолданып газдарды құрғатады. Қатты
адсорбенттер ретінде CaCl2, NaOH, KOH, бокситтер, алюмогель, силикагель,
цеолиттер қолданылады.
Физикалық әдіс беттік салқындатқыш аппараттарында кептіретін газды сумен
немесе салқындатқыш агент көмегімен салқындатуға негізделген. Салқындатылып
сығылған газдың ұлғаюында газдан су конденсат түрінде бөлінеді.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет